Главная > Документ


Сурет 1. Өнім сапасын басқарудың негізгі құрамдас бөліктері

1. Өнім сапасын бақылау деңгейін көтеру.

Сапаны басқару мақсаты ретінде өнім сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету болады, сапасыз өнімнің алдын алу, нашар өнім шығаруды болдырмау. Өнім сапасына жауапкершілікті барлық персонал алу қажет. Өнім сапасын бақылау органдарының саны және жұмыскерлер саны кәсіпорын өлшеміне және олардың орындайтын міндеттемелеріне тәуелді болады.

Соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде сапаға тотальды бақылау жүргізу жүйесі кең өріс алды (TQC). Оның негізгі ерекшеліктері.

1. Сапаны басқару өкілеттілігі жоғарғы басқару бөлімінен төменгіге түсіріледі.

2. Шағын ұжымдар шектерінде «сапа кружоктары» сияқты қызметтің дамуы.

3. Клиент талаптарына артық қарау негізінде нарықта беделге ие болуға тырысу.

4. Өткен тәжірибені зерттеу арқылы тұрақты даму.

2. Өнім сапасын жақсарту.

Сапаны жақсарту өнімнің сапасын анықтау, қамтамасыз ету және сақтау мақсатында осы өнімді шығарғанда, қолданғанда немесе тұтынғанда жасалынатын іс-әрекеттер.

Сапаны қамтамасыз ету шарттары:

- өндірістік процесс сипаты, оның қарқындылығы, ырғақтылығы, ұзақтығы;

- қоршаған ортаның климаттық жағдайы;

- интерьер және өндірістік дизайн;

- материалдық және моральдық стимулдар сипаты;

- ұжымдағы моральды–психологиялық климат;

- ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру формалары мен жұмыс орындардың жабдықталу деңгейі;

Сонымен қатар, өнім сапасына баға бергенде тұтынушылар талаптарының өзгеруін де есебке алу қажет.

3. Өнім сапасын өсіруді ынталандыру.

Ынталандыруды екі жақтан қарастыру керек: объектіні ынталандыру (кәсіпорынды) және субъектіні ынталандыру (жұмыскерді).

Жұмыскерлерді үш бағытта ынталандыруға болады: материалдық, моральдық және ұйымдастырушылық-техникалық.

4. Өнімді стандарттау және сертификаттау.

Стандарттаудың басты міндеті — әртүрлі қажеттерге керек өнімге прогрессивті талаптарды айқындайтын нормативтік-техникалық құжаттар жүйесін жасау және оның дұрыс қолданылуын бақылау.

Стандарт - белгілі бір сферада жұмысты тәртіптендіруге және оңтайландыруға бағытталған, стандарттаудың белгілі бір объектілеріне байланысты, жалпы қағидалар, сипаттамалар, талаптар және әдістер тағайындалған мойындалған органмен (кәсіпорынмен) бекітілген нормативтік құжат.

Сертификаттау — өнімнің іс жүзіндегі қасиеттерінің халықаралық, отандық стандарттарға сәйкестігін күәландыратын шаралар мен іс-әрекеттер жиынтығы, яғни әр кәсіпкер өз өнімін үнемі жаңартып тұруға тырысады . Сыртқы экономикалық қызметтің дамуы фирмаларды халық аралық талаптарға сәйкес сертификаттау жұмыстарын қарқынды жүргізуге мәжбүр етеді.

Міндетті сертификаттауға адамға немесе қоршаған ортаға теріс әсер жасай алатын өнімдер және сапа көрсеткіштері жіберіледі және үкіметтің арнайы актілерінде келтірілген басқа көрсеткіштер мен сипаттамалар (мысалы азық-түлік өнімдері).

Сертификаттау мына мақсатта жүзеге асырылады:

1. Кәсіпорындардың, кәіпкерлер, ұйымдардың іс - әрекеттеріне жағдай жасау

(бірыңғай тауарлы нарықта );

2. Тұтынушыны нашар өндірушілерден қорғау;

3. Өнімнің қоршаған орта өмір, денсаулық және мүліктерге қауіпсіздігін бақылау;

4. Дайындаушы шығарған өнімнің сапасын бекіту.

Міне, өнім сапасын басқарудың құрамдас бөліктері осындай. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы өнімдерін сыртқа шығаруда ең ірі өндірушілердің бірі болып табылады.Шет елдік инвестицияны тартудың басты бағыттары: өндірістік, қайта өндіруші және ауылшаруашылығы. Қайта өндіруші кәсіорындардың ішінде тамақ саласы. Нан және нан өнімдері нарықта ерекше сұранысқа ие болып отыр.Нарықтық қатынастар кезінде нан өнімдерінің дамуы , бәсекелестіктің артуына байланысты инновациялық дамуды қажет етеді.Салауатты өмір салтының негізі тамақтану өнімдерін дұрыс таңдау. Сондықтан да өнім өндіруші кәсіпорындар тұтынушылар қажеттілігі мен таңдау еркін қанағаттандырумен қатар, өнім сапасының жоғары болуын қамтамасыз етуі керек. Шығыс Қазақстан облысында тамақ өнімдерін өндіруде нан өндірісі үлкен үлес алады. Облыста 2009 ж тамақ өнімдерінің өндірісінде нан өндірісі мөлшермен 27,7 % құрайды

Нан өнімдерінің өндірісі республика бойынша және Шығыс Қазақстан облысында тұрақты дамуда. Зерттеліп отырған жылдағы нан және нан өнімдері өндірісінің динамикасы кестеде көрсетілген.

Шығыс Қазақстан облысына нан өнімдерінің көп түрлілігі тән.

Нан өнімдерінің нарығының өсуі көбінесе әртүрлілігі әсер етеді. Нан өндірісінің жалпы көлемінен , нанның 1- және 2- сорт түрлерін тұтыну тұрақты, 50 пайыз құрайды. Облыс бойынша нан өндірісінің құрылымы келесідей: қара нан 21%, бірінші сорт-35%, екінші сорт -11 %, басқа өнімдері -33 % құрайды. «Семнан» ЖШС және ЖШС «Восток нанкомбинаты» кәсіпорындары Семей аймағы бойынша нан өнімдерін өндіруде көп үлес алады. Қала тұрғындарын 80% пайызға жуық нан өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Жеке наубайханалардың ішінде «Хлебная лавка »-ны айтуға болады. «СемНан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нан-тоқаш өнімдері берілген тауарлар арасында өз орнын тапты. Ол бәсекелес өнімдер арасында ерекше орынға ие болып, олардан өзінің дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Тоқаш өнімдерінің ассортименті төмендегідей: «Сдоба», «Школьная», мак қосылған тоқаш, мейіз қосылған тоқаш, өрік қосылған тоқаш, қант қосылған тоқаш. Жоғары сапа, ассортименттің әртүрлілігі, орташа баға – осылардың барлығы тұрақты сатып алушылардың таңдауындағы басты критерийлер болып табылады.

  1. Международный стандарт ИСО 9001. Системы менеджмента качества ( Электронный ресурс ).- Режим доступа://http:www.isо 9000.ок.ru

  2. А. Мақұлбекова., Ж. Мұхаметжанова Тамақ өнеркәсібіндегі тамақ өндірудің жағдайы мен даму барысы // Ізденіс.-2009.№4 22б

  3. Барлықов Е.Б Сапа - нарықтық экономика жағдайында табысты қызметтің негізгі факторларының бірі ретінде. ҚазҰУ хабаршысы, экономика сериясы, №4 (74). 2009, 97-101бет

ЖОЖ.331.5 (574.4)

Жұмашбекова С.Қ.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Экономиканың басты мәселелерінің бірі еңбек ресурстарын жұмыспен қамту болып табылады. Қазақстан Республикасында әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканы құру тиімді еңбек нарығының қалыптасу мәселелерімен тығыз байланысты. Еліміздің 20 жылға тақау тәуелсіз даму кезеңінде еңбек қатынастары мен жағдайлары , еңбек нарығын дамыту бойынша көптеген заңдар мен үкімет жарлықтары, басқа нормативтік актілер қабылданды. Бұл шетел мамандарының пікірінше, осы бағытта заманауи құқықтық базаны құруға мүмкіндік берді.

Еңбек нарығына мемлекеттегі экономикалық жағдай тікелей әсер ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

Еңбек нарығын реттеудің негізгі қағидаты халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының еңбек әлеуетін қалыптастыруға және пайдалануға, олардың өзгеше ерекшеліктерін, ықыластарын және еңбек саласындағы қажеттіліктерін есепке алу. Олар жынысына, жасына, тұратын жеріне, кәсібіне байланысты анықталады.

Қазақстан Республикасында халыққа іріктемелі зерттеу жүргізілуде. Бұл зерттеудің мақсаты еңбек нарығында болып жатқан беталысты және үдерістегі заңдылықты анықтау, кейін нәтижесі барлық халыққа таратылатын өзара байланысты ақпарат алу болып табылады.

Еңбек нарығындағы жағдайдың негізгі көрсеткіші халықтың экономикалық белсенділігі, оның жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіштері.

Кесте 1

ШҚО еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері (2004-2008 жж.)

Көрсеткіштер

2004

2005

2006

2007

2008

Экономикалық белсенді тұрғындар, мың адам

752,1

751,7

756,8

764,2

765,0

Экономикалық белсенді тұрғындар деңгейі, %

65,1

65,2

65,9

66,6

66,9

Жұмыспен қамтылған тұрғындар, мың адам

697,6

698,1

704,4

713,7

715,8

Жұмыссыздар, мың адам

54,5

53,6

52,4

50,6

49,1

Жұмыссыздық деңгейі, %

7,2

7,1

6.9

6.6

6,4

1-кестеден көріп отырғанымыздай, соңғы бес жылда облыстың еңбек нарығында экономикалық тұрғыдан белсенді және жұмыспен қамтылған халықтың өсімі байқалады. Халықтың жұмыспен қамтылуының іріктемелі зерттеу деректері бойынша 2004-2008 жж. экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 12,9 мың адамға (1,7%-ға) артты және 2008 жылы 765 мың адамды құрады. 2007 жылмен салыстырғанда олардың саны 0,8 мың адамға (0,1%-ға) артты. Экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі 2004 жылы 65,1%-дан 2008 жылы 66,9%-ға дейін өсті. Тұрғындардың осы топтарының санының өсуі көп дәрежеде өмір сүру деңгейінің жоғарлауымен байланысты деп қорытындылауға болады.

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық арасында 2008 жылы ерлер 386,8 мың адамды (50,6%-ды) құрады, олардың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі 72,7%, әйелдер - 378,2 мың адамды (49,4%-ды) құрады және тиісінше 61,9% көлемінде қалыптасты. Қалалық жерлерде экономикалық тұрғыдан белсенді халық үлесіне 53,2%-дан (407,1 мың адам) келеді, оларда экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі - 65%, ауылдық жерлерде тиісінше 46,8% (357,9 мың адам) және 69%.

Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі 93,6%-ға (2004 жылы 92,8%-ға және 2007 жылы 93,4%-ға) жетті.

Сурет 1. Жұмыспен қамтылған халық серпіні

Облыстың еңбек нарығында жалдамалы жұмыскерлер санының тұрақты өсім үрдісі белгіленуде. Жалдамалы жұмыскерлердің жалпы санынан мемлекеттік ұйымдарда 142,1 мың адам, мемлекеттік емес ұйымдарда - 218,6 мың адам, жеке тұлғаларда - 76,1 мың адам, шаруа (фермер) қожалықтарында - 36,5 мың адам жұмыс істеді. Жалдамалы жұмыспен қамтылғандардан 50,7%-ы ерлерге, 49,3%-ы - әйелдерге келді. Экономикалық қызметтің жекелей түрлерінде жалдамалы жұмыспен қамтылғандардың үлесі көлемді. Өнеркәсіпте, құрылыста, қонақ үй-мейрамхана бизнесінде, көлік және байланыста, жылжымайтын мүлікпен операцияларда, білім беруде, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетулерде, мемлекеттік басқаруда жұмыспен қамтылғандар арасында жалдамалы жұмыскерлер 70 тен 100%-ға дейін құрады.

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар санында ерлер үлесі 52,2%-ды (126,6 мың адам), әйелдер – 47,8%-ды (116 мың адам) құрады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі өздерінің қызметтерін ауыл шаруашылығында - 63,7%-ы жүзеге асырды, сауда; автомобильдерді жөндеу және үй бұйымдарын пайдалану қызметіндегі жұмыскерлерге 21,1%-дан, басқа салаларға – 15,2%-дан келді.

Еңбек нарығының дамуындағы мәселелердің бірі - жұмыссыздық. 2008 жылы халықтың жұмыспен қамтылуының іріктемелі зерттеу деректері бойынша жұмыссыздық деңгейі 6,4 %-ды құрады, бұл 2004 жылға қарағанда 0,8 пайыздық пунктке (2007 жылы - 0,2 п.п.) төмен.

Жұмыссыздар саны және жұмыссыздық деңгейі

Жұмыссыз халық саны 2007 жылы 49,1 мың адамды құрады және соңғы бес жыл ішінде 5,4 мың адамға (9,9%) қысқарды. Жұмыссыздардың жалпы санынан қалалық жерлерде 31,1 мың адам (63,3%), ауылдық жерлерде - 18 мың адам (36,7%) тіркелді. Жұмыссыздық деңгейі тиісінше 7,6-ны және 5,0%-ды құрады. Жұмыссыздардың айтарлықтай саралануы жас мөлшері құрылымында да байқалады. Еңбек рыногында бұрынғысынша әйелдер бәсекелестікке қабілетті, жұмыссыздар арасындағы олардың басым саны сақталуда. Жұмыссыз ерлер санының үлесі 2008 жылы 40,8%-ды, әйелдер – 59,2%-ды құрады. Жұмыссыз әйелдер саны 29,1 мың адамды құрады, бұл ерелер санынан 9,1 мың (45,5%) адамға артық. Сондай-ақ әйелдерде ерлерге қарағанда жұмыссыздық деңгейі (7,7%-әйелдерде, 5,2%-ерлерде) жоғары (2004 ж. тиісінше 8,0 және 6,6%).

Облыста жұмыс күшінің білім деңгейі айтарлықтай жоғары. Жұмыспен қамтылған халықтың 22,1%-ында (178,1 мың адам) жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар, 30%-ында (214,9 мың адам) - орта кәсіптік (арнаулы) білімі бар. Ерлермен салыстырғанда (46,4%) жұмыспен қамтылған әйелдердің жоғары және орта кәсіптік білім деңгейі (53,6%) әлдеқайда жоғары.

Кесте 2

Енжарлық себептері бойынша экономикалық тұрғыдан енжар халық мың адам

2007

2008

Экономикалық тұрғыдан енжар халық, барлығы

382,9

378,3

соның ішінде:

күндізгі бөлімнің оқушылары мен студенттері

121,8

116,1

үй шаруашылығында өз міндетін атқару

23,1

22,2

зейнеткерлер мен қарттар

184,7

188,6

денсаулық жағдайына байланысты (мүгедектік,

жұмысқа қабілетсіздік)

27,2

27,8

басқа себеп

26,1

23,6

Халықтың жұмыспен қамтылуының 2008 жылға зерттеу нәтижелері талдауы еңбек нарығында экономикалық тұрғыдан белсенді және жұмыспен қамтылған халықтың артуын көрсетті.

Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздықтың біраз кемуі (6,6%-дан 6,4%-ға дейін) байқалады. Облыс бойынша қалыптасқан 2008 жылғы жұмыссыздық деңгейі (6,4%) республикалық орташа (6,6%) деңгейден төмен.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Берешев А. Особенности формирования рынка труда в Казахстане // Труд в Казахстане, 2/2008

  2. Основные индикаторы рынка труда по регионам РК // Труд в Казахстане, 12/2009

3. Шығыс Қазақстан халқының еңбегі мен жұмыспен қамтылуы // Статистикалық жинақ, Өскемен, 2007

Зейнуллина А.Ж.

Семипалатинский государственный университет имени Шакарима

Мурзатаева Г.К.

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, г. Астана

ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ВОПРОСЫ ФУНКЦИОНИРОВАНИЯ МАЛОГО БИЗНЕСА

Поскольку категория «предпринимательство» не представляет собой «чистого» понятия, которое можно использовать, не соотносясь с реальностью, а напротив, отражает весьма ощутимый феномен культурно-исторической действительности, в определении этой категории должны присутствовать два аспекта – исторический и логический. Историческое определение предпринимательства должно обобщить все сколько-нибудь значимые определения, сформировавшиеся в истории мысли, которые рассмотрены далее.

Предпринимательство присуще всем этапам мирового общественного развития. Средневековый арабский мыслитель Ибн-Хальдун (1332-1406 гг.) исследовал «Касб» (предпринимательство), связывая с владением (собственностью), трудом, способностями человека. Так феномен предпринимательства с давних времен находился в центре внимания социально-экономических наук. Основы теории были заложены еще в XVIII-XIX веков Ф.Кенэ, А.Смит, Ж.Б.Сэй, а затем И.Шумпетер, Ф.Хайек и другие. По существу, одним из первых авторов, разработавших целостную для того времени концепцию предпринимательства, является французский экономист Р.Кантильон. Именно его некоторые исследователи считают отцом самого термина «предприниматель». В своей работе «Очерк о природе торговли» (1725г.) он назвал предпринимателями таких людей, которые руководствуются формулой «продай дорого, купи дешево». Также известный экономист Ж.Б.Сэй в «Трактате политической экономии» характеризовал предпринимателя как «лицо, которое берется за свой счет и риск в свою пользу произвести какой-нибудь продукт». Тем самым он выделил фактор риска в предпринимательстве, а предпринимателя как человека, идущего на риск ради получения дохода. С именем И.Шумпетера был связан следующий этап в развитии понятия «предпринимательство». Он считал, что предпринимательская деятельность лежит в основе всякого развития, способствует переходу экономики из одного равновесного состояния в другое. Функция предпринимателя, утверждает он, состоит в реализации нововведений, играющих главную роль в развитии капиталистической экономики, в обеспечении экономического роста. К функциям предпринимателя И.Шумпетер относит:

- создание нового, еще не знакомого потребителю материального блага или прежнего блага, но с новыми качествами;

- введение нового, еще не применявшегося в данной промышленности способа производства;

- завоевание нового рынка сбыта или более широкое использование прежнего;

- использование нового вида сырья или полуфабрикатов;

- введение новой организации дела, например, монопольного положения или, наоборот, преодоление монополии.

Сущность и содержание предпринимательства нельзя раскрыть без обобщения практики применения в тех странах, где оно прошло длительный путь эволюции. В этой связи рассмотрим эволюцию термина «предприниматель» в таблице 1.

В истории экономической мысли на протяжении Х1Х-ХХ столетий происходила трансформация категории «предпринимательство» в зависимости от существовавших парадигм картины экономической реальности и от изменения фигуры реального предпринимателя, как экономического агента. К.Р. Макконнел и С.Л.Брю в знаменитой книге «Экономикс» понятие «предпринимательская способность» раскрывают через функции предпринимателя:

- новаторства на коммерческой основе, выражающегося во вводе в обиход новых продуктов, производственных технологий и форм организаций труда;

- несения риска потери затраченного времени, труда, репутации и вложенных средств – собственных или привлеченных».

Дата

Трактовки

1725 год

Р.Кантильон. Предприниматель – это человек, действующий в условиях риска.

1797 год

А.Бодо. Предприниматель – лицо, несущее ответственность за предпринятое дело; тот, кто планирует, контролирует, организует и владеет предприятием.

1876 год

Ф.Уокер. Следует различать тех, кто предоставляет капитал и получает за это проценты, и тех, кто получает прибыль благодаря своим организаторским способностям.

1934 год

И.Шумпетер. Предприниматель – это новатор, который разрабатывает новые технологии.

1961 год

Д.Маккеланд. Предприниматель – это энергичный человек, действующий в условиях умеренного риска

1964 год

П.Друкер. Предприниматель – это человек, использующий любую возможность с максимальной выгодой.

1975 год

А.Шапиро. Предприниматель – это человек, проявляющий инициативу. Действуя в условиях риска, он несет полную ответственность за возникшую неудачу.

1985 год

Р.Хизрич. Предпринимательство – это процесс создания чего-то нового, что обладает стоимостью, а предприниматель – это человек, который затратит на это необходимые время и силы, беря на себя весь финансовый, психологический и социальный риск, получая в награду деньги и удовлетворение достигнутым.

  • «инициативу соединения земли, капитала и труда в единый процесс производства товаров и услуг.



Скачать документ

Похожие документы:

  1. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі (7)

    Лекция
    ... контроль 7 5 Талдыкорган, 2011 ҚазақстанРеспубликасының білім және ғылымминистрлігі Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ АКАДЕМИЯСЫ Министерство образования и науки ...
  2. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі (5)

    Диссертация
    ҚазақстанРеспубликасының Білім және ғылымминистрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университеті Ә ... іру көкейкесті мәселеге айналып отыр. ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егеменд ...
  3. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

    Учебно-методический комплекс
    ... , Алматы, «Аруна», 2004г. ҚазақстанРеспубликасының білім және ғылымминистрлігі Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ АКАДЕМИЯСЫ Министерство образования и науки ...
  4. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі (4)

    Учебно-методический комплекс
    ... обыденного. Алматы, 2005г. ҚазақстанРеспубликасының білім және ғылымминистрлігі Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ АКАДЕМИЯСЫ Министерство образования и науки ...
  5. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі (2)

    Учебно-методический комплекс
    ... -М; Весь мир, 2001г. ҚазақстанРеспубликасының білім және ғылымминистрлігі Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ АКАДЕМИЯСЫ Министерство образования и науки ...

Другие похожие документы..