Главная > Диссертация


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университеті

ӘОЖ 378.378:37.035.2:39 Қолжазба құқығында

ЕСЕНҒҰЛОВА МЕЙРАМГҮЛ НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары

13.00.01– Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған

ДИССЕРТАЦИЯ

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының

докторы, профессор А.Ғ.Қазмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2007

МАЗМҰНЫ

Кіріспе .................................................................................................................... 3

  1. Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдалану проблемасы .......................................... 8

    1. Жоғары оқу орындарында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері ............... 9

    2. Халықтық педагогика тұрғысынан студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері ............................................. 29

    3. Жоғары мектеп практикасында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдалану мүмкіндіктері ....................................................................... 46

Тұжырым ................................................................................................. 67

  1. Халықтық педапгогикасы идеясы негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру әдістемесі .......................................... 69

    1. Халықтық педагогика идеялары негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру әдістемесі .................................... 69

    2. Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жаңаша жүйесін айқындаудағы педагогикалық шарттар ................................. 88

    3. Тәжірибелік-эксперимент жұмыстардың мазмұны және оларды

талдау...................................................................................................... 102

Тұжырым ............................................................................................... 116

Қорытынды .................................................................................................... 117

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .............................................................. 119

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Сондықтан қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани, қарым-қатынас мәдениетімізді жетілдіру көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың бірі.

Жастарды халықтық педагогика идеялары негізінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымыздың мәнін түсіну, тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі – ұлттық қасиеттерімізді танып-білу, соның негізінде қарым-қатынас мәдениетімізді қалыптастыру. Өзімізді-өзіміз танып, өзгелерге таныту, яғни ұлттық ерекшеліктеріміз бен құндылықтарымызды бүгінгі талаптарға сәйкес жүйелеп, байытып, дамытып, басқаларға тарату арқылы өзіміздің ұлттық деңгейлерімізді көтере білу. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлау барысында ұлттық педагогика идеялары негізінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек.

Қарым-қатынас – білім мен біліктілік, дағды және адамның ішкі құндылықтарына негізделген мәдени сауаттылығы ретінде қарастыруға болады.

Қарым-қатынас – білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттық дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Ұлттық құндылықтарға негізделген қарым-қатынас мәдениеті студенттердің саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуына, рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Ғұлама ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Яссауи т.б. адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесіне, мәдениеттілік, оның қалыптасуындағы тәрбиелік істердің маңызына ерекше назар аударған. Ортағасырларлық ғұламалардың мұраларындағы бұл мәселе төңірегіндегі айтылған ой-пікірлер ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында жалғасын тапты.

Қарым-қатынас мәдениеті жөніндегі маңызды пікірлер М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Бүгінгі таңда бұл проблемаға ғалымдар әр қырынан мән беріп, түрлі зерттеулер жүргізеді. Мәселен, мынадай еңбектер: қарым-қатынастың философиялық негізін В.С.Библер, Л.Н.Коган, М.Х.Балтабаев, Д.Кішібеков т.б. қарастырған. Қарым-қатынастың психологиялық мүмкіндіктерін Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, С.Бабаев, А.А.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн зерттеген т.б.

Қарым-қатынастық этномәдени аспектілерін қарастырған С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Ж.Наурызбай, т.б. болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда ұлттық тәрбие беру мәселелерін Қ.Бөлеев, Б.А.Тойлыбаев, К.А.Оразбекова, С.К.Қалиев, Ә.Қ.Қисымова, т.б. білім мазмұнын, әдістемелік міндеттерді шешуде Л.К.Керімов, С.Ж.Пірәлиев, М.Н.Сарыбеков, А.Г.Қазмағамбетов, Б.К.Момынбаев, О.Сәлімбаев, О.Сыздықов, Е.Омар т.б. еңбектерін атап өтуге болады.

Қазіргі кезде әр саладағы көрнекті ғалымдар ұлттық негіздегі қарым-қатынас мәселесінің мән-маңызына, жалпы адамзат қоғамындағы рөліне айрықша ден қоюда. Әсіресе, болашақ мұғалімдердің ұлттық педагогика идеялары негізінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіндігі дәлелденіп отыр.

Сонымен, ғылыми-педагогикалық және оқу-әдістемелік, т.б. әдебиеттерге жүргізілген теориялық талдаулар жоғары оқу орындарында маман даярлау үрдісінде бұл проблема толық зерттелмеген және осы негізде кәсіби білікті шыңдаудың шарты ретінде, ана тілінде зерттеулер жүргізуді талап ететіндігін дәлелдейді. Сондықтан қазіргі рухани мәдениетіміздің жаңару кезеңінде жастарымыздың қарым-қатынас мәдениетін дамыту қажеттігі мен педагогика ғылымында аталған проблеманың толықтай жүйелі түрде зерттелмеуі; оны өмір талабына сай ұйымдастыру мен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мазмұны, әдістемесінің болмауы арасындағы қайшылықтар шешімін табу бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты “Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары” деп таңдауымызға себепші болды.

Зерттеу обектісі: Жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: Халықтық педагогика идеялары негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениеттерін қалыптастыру.

Зерттеу мақсаты: Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың пеагогикалық негізін анықтап, қазіргі жоғары мектеп оқу-тәрбие процесінде пайдалану жөнінде әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын жүйеге келтіріп, тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін негіздеп, бүгінгі жоғары мектептің тұтас педагогикалық процесіне енгізіп, қоғам мен ғылым интеграциясы негізінде болашақ мамандарды халықтық педагогика идеялары арқылы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктеріне мән берілсе, онда адамзаттық құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық сана-сезімі жоғары, иманжүзді, адамгершілік мінез-құлық қасиеттерін бойына жинаған жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туындайды.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Халықтық педагогика идеялары негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жағдайларын теориялық тұрғыда қарастыру және оның жалпы кәсіби даярлықтағы орнын анықтау.

  2. Оқу-тәрбие процесінде халықтық педагогика идеялары негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейлерін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау.

  3. Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың шарттарын айқындап, ұсынылған әдістеменің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: Халықтық педагогика идеялары негізінде студенттердің қарым-қатынас мәденетін қалыптастыру – кәсіби даярлықтың аса маңызды бөлігі, сондықтан оны жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінде мақсатты түрде жүзеге асыру қажет.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Педагогика, философия және психология ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері, қазақ ұлттық дәстүрлерінің философиялық және психологиялық теориясы, оқу-тәрбие процесіндегі халықтық педагогика идеяларының жеке тұлғаның қалыптастырудағы ролі туралы психологиялық – педагогикалық тұжырым, сана мен іс-әрекет бірлігі принципі, ұлттық тәлім-тәрбие, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидаларға сүйене отырып, тарихи жүйелілікті сабақтастыру.

Зерттеу көздері: философия, әлеуметтану, психология, педагогика салаларындағы ғылыми еңбектері; Қазақстан Республикасы Конституциясы; “Қазақстан - 2030 даму стратегиясы”, “ҚР Білім туралы Заңы”, “Этномәдени білім беру тұжырымдамасы” және басқа да құжаттар мен ресми материалдар, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар, озат педагогтардың тәжірибесі, автордың өзінің педагогикалық іс-тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оқу-тәрбие процесін бақылау, студенттермен, оқытушылармен әңгіме жүргізу, пікірталас, сауалнама алу, педагогикалық бақылау, эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:Алғашқы кезеңде (2002-2003ж.ж.) зерттеу проблемасын анықтау үшін философиялық, педагогикалық - психологиялық және арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды және жүйеге келтірілді, зерттеудің ғылыми және ұғымдық аппараты анықталды.

Екінші кезеңде (2003-2005ж.ж.) жинақталған деректер қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан сараланып, жоғары оқу орны оқу-тәрбие процесінде жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі талданды, тәжірибелік-эксперимент жұмыстары бағдарламасы мен әдістемесі даярланды, анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттер жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2005-2006ж.ж.) тәжірибелік жұмыстар нәтижелері жүйеленіп, қорытындылары шығарылды және әдістемелік ұсыныстар жасалынды.

Зерттеу базасы: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Ақтөбе “Дүние” университеті, С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университеті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдалану мәселесі теориялық тұрғыда қарастырылып, оның жалпы педагогикалық даярлық жүйесіндегі маңыздылығы анықталды;

  • халықтық педагогика идеялары негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үлгісі құрылып, деңгейлері мен өлшемдері анықталды;

  • студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары анықталып, әдістеменің тиімділігі тәжірибе жүзінде тексерілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижелерін болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінде және мектеп практикасында, сондай-ақ педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарында қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылады:

  • халықтық педагогика идеялары негізіндегі “студенттердің қарым-қатынас мәдениеті” ұғымының тәрбиелік мәні мен маңызы;

  • студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың мүмкіндіктері, деңгейлері, өлшемдері мен көрсеткіштері;

  • студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі және оның нәтижелері.

Зерттеудің нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестігімен, теориялық тұжырымдардың практикадан алынған нәтижелерімен үйлесілімділігі және олардың тиіміділігін тәжірибе жүзінде тексерумен, оны практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру эксперимент барысында және халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық, конференцияларда (Ақтөбе, 2003; Атырау,2005; Тараз,2005; Ақтөбе, 2006; Орал, 2006; Алматы, 2006; Котлас (Ресей) 2007 т.б.), республикалық баспа беттерінде, жоғары оқу орындарындағы ғылыми семинарларда, ғылыми-әдістемелік кешеннің мәжілістерінде, талқыланып, жоғары оқу орындары оқу-тәрбие процесіне және Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін орта мектептері практикасына ендірілді.

Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп,объектісі, пәні, ғылымы болжамы, міндеттері анықталды, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын негізгі мәселе, зерттеудің практикалық мәнділігі көрсетіледі.

Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдалану проблемасы” атты бірінші тарауда жоғары оқу орындарында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері сараланып, зерттеліп отырған мәселеге байланысты негізгі ұғымдарға талдау жасалып, мазмұны мен мәні ашып көрсетіледі. Соның негізінде студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үлгісі мен деңгейлеріне сипаттама беріледі. Жоғары мектеп практикасында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдалану мүмкіндіктері көрсетіледі.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері” атты екінші тарауда студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жаңаша жүйесін айқындаудағы педагогикалық шарттар, оқу-тәрбие процесіндегі мүмкіндіктер және тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының мазмұны мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері баяндалады.

Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері жүйеленіп, нақтыланып, негізгі тұжырымдары ұсынылады және болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдіру туралы ұсыныстар жасалып, осы салада әрі қарай зерттеулерді қажет ететін мәселелер айқындалады.

Негізгі бөлім

Жоғары оқу орындарында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесінің теориялық негізі “мәдениет”, “қарым-қатынас мәдениеті” ұғымдарының мәні мен мазмұнын анықтауға байланысты. Сондықтан бұл ұғымдардың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, т.б. әдебиеттердегі талқылануы маңызды.

Мәдениет – халықтың туған топырағында жинақталған өмірлік тәжірибесінің, тәлімі мен тәрбиесінің, өмір сүру бейнесінің жиынтығы.

Шығыс мәдениетінде батыс пен шығысты бірдей тербеген Абай көзқарасының маңызы зор. Ол қазақ халқының ойлау жүйесін алғаш рет әлемдегі даму мен өзгеруге, диалектикаға қатысты зерделеді. “Егер адам мәдениетін дүниежүзілік мұхитқа құятын ағысқа теңесек, онда дәстүрлер сабақтастығын қуат күшіне бірлестіруге болады.” Адам мәдениетінің қайнар бұлағын іздеу Абай шығармаларының өн-бойынан таралады.

Шәкәрім Құдайбердиев те қазақ халқының рухани мәдениетіне зор үлес қосты. Ол қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүр ерекшеліктері мен ауыз әдебиеті, рухани байлығымен көрінген ұлы халық ретінде атап көрсетті. Демек, әрбір халықтың даму деңгейінің шыңына жету үшін ұрпақтары өз ата-бабаларынан мирас болып келген дәстүрін, тілін, дінін, тарихын мәдениетімен ұштастырып дамытқанда ғана жетеді. “Қарым-қатынас” ұғымының көп анықтамаларының арасында біз “коммуникативтік іс-әрекет” ұғымымен синоним деп қарастыратын А.Н.Леоньтев, М.И.Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Сонымен қарым-қатынас деп – екі немесе одан да көп адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз. Олай болса, біз зерттеуілерімізде қарым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынастың орнына студенттің қарым-қатынасқа қажетті дағды, икемділік, білім, ұлттық рухани мотивтеріне баса аударып, оларды студенттің бойына сіңдіріп, қалыптастыруға аса назар аудардық.

Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің “Алтын қорына” өлшеусіз үлес қосқан энциклопедист-ғалым Әл – Фараби бабамыздың педагогикалы мұрасы асыл қазына. “Бақытқа жету жолдары”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” атты трактаттары зерттеліп отырған мәселенің шешімін табуда орны ерекше десек қателеспейміз. Себебі әл – Фарабидің педагогикалық жүйесінің іргетасы оның адам туралы ілімі, оның гуманистік, ізгілік қасиетке баулу мәселесі, яғни біз талдап отырған қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты. Ол: “Адам алдымен алғашқы жаратушыны мойындау, аспан әлемінің және табиғат құбылыстарының заңдарын білу, өзінің және басқалардың жандүниесін түсіну, мемлекеттік және саясат ғылымдарын меңгеруі тиіс”, - деп атап өтеді. Әсіресе, “өзінің және басқалардың жандүниесін түсіну” дей отырып, қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын көтереді.

Әл-Фарабидің адамгершілік-этикалық тұжырымдамасының негізі – адам өзі қабылдаған білімі мен білігі, мәдениеті негізінде бақытқа жету, қоршаған дүниеде жан-жақты жетілуі. Ол “Бақытқа жету жайында” деген трактатында: “Мінезділік – бақытты болудың басты шарты. Кейбір адамдар қолдағы бақытынан оп-оңай айырылып қалады, тіпті бақытсыздыққа ұшырайды. Оны мұндай күйге түсіретін оның нашар мінезі” – дейді. Яғни мұнда мінез-құлық мәдениетінің маңыздылығын баса көрсетеді деп түсінуге болады. Сонымен қатар, Әл – Фараби: “адамды өз мінезіндегі теріс қылықтарды жеңуге үйрету және оң әдеттерді қалыптастыруға қабілетті ету, ол үшін адамға жас кезінен этикалық тәрбие беру арқылы жетуге болады”, - деп қарым-қатынас мәдениетін ерте кезден-ақ бастау қажеттігін айтып кеткен.

Адам баласын ізгілікке тәрбиелеу ісі-халықтық педагогиканың негізгі ұстанымы. Сондықтан этнопедагогикалық ұстамдарды оқу-тәрбие үрдісіне арқау етуді бүгінгі күннің өзекті мәселесі деп қарауымыз керек. Халқымыздың этнопедагогикалық үрдісіне оқу-тәрбие жүйесінде қолданудың жолдарын ғылыми түрде қарастыру қажеттігі туып отыр.Ол ұстанымдар жаңадан шыққалы жатқан оқулықтардан өзекті орын алуы керек.

Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық тәрбиесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге дайындау, өнер білімге баулу, елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Олай болса, өскелең ұрпақты терең педагогикалық, психологиялық ойлармен, теориялармен, халқымыздың бай тәжірибесімен таныстырудың ролі өте зор.

Қарым-қатынастың болуының арқасында адамдар өмір сүреді және шынайы байланыстарда, бір-бірімен қатынастарда іс-әрекет жасайды. Қарым-қатынас түбегейлі адамдық сұраныс бола отырып, дербес құндылық болады, себебі адам басқа адамды әрдайым қажетсінеді. Ол үшін маңызды дүние – бұл басқа адам, онымен қарым-қатынас процесінде және тек сол арқылы адамның мәні көрініс табады. Қарым-қатынас адамның құрылуының маңызды факторларының бірі болып, оның әлеуметтенуінің қажетті шарты болады. Қарым-қатынас қоғам мен адам өмірінің барлық жағын қамтиды. Адам басқа адамдармен қарым-қатынассыз өз өмірін елестете алмайды, себебі оның өмірі бүкіл адамзаттың сақталуына тікелей байланысты. Қарым-қатынас мәдениеті адамдардың қылығының сапалы бағалауы ретінде түсініледі. Сондықтан олар қарым-қатынасқа түсуді үйрену қажеттігін сезінеді (адами қатынастың мәдениетіне, әр түрлі жағдайларда мінез-құлық ережелерінің жиынтығына және т.б.). Қоғамда қабылданған қарым-қатынас адамдардың қылықтарына қадағалауды жүзеге асырады.

Халықтық педагогика идеяларына негізделген қарым-қатынас - бұл адами қатынастардың күрделі түрі. Ол өзіне жолдастық, достық және ұлттық рух, саналылық, сүйіспеншілік, адамгершілік табысқа жету т.б. құрылу кезіндегі өзара қатынастарды енгізеді. Жеке тұлға қарым-қатынас процесінде ұқсау, мысал, өнеге алу, үйрену, ортақ сезімдес, сәйкестендіру арқылы қоғамдық және жеке сананы, эмоцияны, сезімді, мінез-құлық нормаларын көрсетудің формаларын меңгереді. Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекет ету, олардың бірін-бірі түсіну және өзара әсер ету, өзара түсіністік, бірлесіп іс-әрекет жасау қабілеттерін қалыптастыру қызметтерін жүзеге асырады.Топтық және жекелік қарым-қатынас арқылы халықтардың мәдени құндылықтары, салт-дәстүрлері өзара әрекетке түседі (1-сурет).


1-сурет Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру процесі

Ұлттық педагогика идеялары негіздерін оқып үйрену, оны өмірге ендіруді басты мақсат етіп қою маңызды міндет деп бағалаймыз. Ол үшін жоғары оқу орындарында ұлтымыздың ерекшелігіне, тарихына, қарым-қатынас мәдениетіне, өміріне, салт-дәстүрлеріне, тұрмыс тіршілігіне, отбасы тәрбиесіне сай, қарастырылып шығарылған бағдарламалар, төлтума оқулықтар, көрнекіліктер, қосымша әдебиеттер кеңінен пайдаланылуы тиіс.

Халықтың педагогика идеяларын оқу-тәрбие процесінде пайдалану мемлекеттік құжаттар мен бағдарламалар, оқу-әдістемелік әдбиеттерді дайындауды және оларды іс жүзінде асыратын –мектеп мұғалімдері. Сондықтан жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үрдісінде басты назарға бұл мәселені қою қажеттігі туындап отыр.

Біздің жүргізген зерттеулеріміз бойынша, жоғары курс студенттерінің 70% ауыз әдебиеті шығармаларын оқымайды, халық даналығы мен мақал-мәтелдерді 11-12 % ғана жатқа біледі; 65 % -ы теледидардан, радиодан берілген ұлттық мұраларымыз туралы хабарларға көңіл аудармайды; 37 %-ы мектепке халықтың мұралар, халықтық тәлім-тәрбиеге негізделген шараларды, осы бағытта жұмыс жүргізетін мұғалімдерді еске түсіре алмады; ал 82 %-ы жоғары оқу орындарында бұл мәселеге айрықша көңіл бөлуді қажет деп есептемейді.

Түрлі бағыттағы зерттеулеріміз жалпы ұлттық тәлім-тәрбиенің, халықтық рухани мәдениетіміз, қарым-қатынас мәдениетін дамыту қызметтігін көрсетті. Бұл күрделі де, маңызды мәселенің шешімін табу, осы салада ғылыми педагогикалық зерттеу жұмыстарының деңгейін жоғарылату және берілген ұсыныстар мен әдістемелер нақты жағдаймен сәйкес келуі, бұл мәселені дамыта отырып, оны әлемдік білім кеңістігі деңгейіне көтеру; халықтық педагогика идеялары негзінде оқулықтар (балабақшадан жоғары оқу орнына дейін) мен бағдарламалар, әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік аудио-видео құралдар, электрондық оқулықтар жасау; ұлттық ауыз әдебиеті шығармаларын, халықтық салт-дәстүрлерді, ұлттық мәдениет пен тарихты кеңінен оқыту, халықтық педагогика идеяларын жүзеге асырушылар – мұғалімдерді қайта даярлау жүйесінен өткізу және жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық дайындықтан өткізу, сонымен қатар педагогикалық емес оқу орындарында “Этнопедагогика” т.б. курсын арнайы оқыту қажет деп есептейміз.

Қарым-қатынасты орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор – бұл студенттердің жас деңгейі. Өмір бойы топтаған тұрмыстық-әлеуметтік тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгейі әртүрлі адамдардың бір оқиғаға болған бағасы бірінен бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келіспеушілік те соншама болады. Мысалы, жастардың киімі, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтініне бәріміз де куәміз. Бұл жағдай әулеттер арасындағы қатынастардың мән-мағынасына өз әсерін білдірмей қоймайды.

Д.В.Мудрик тұжырымдамасы бойынша: “Адамдар арасындағы қиын қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде, адамдардың өзара түсініспеушілік формасында шынайы жағдайларда байқалады. Қиын қатынастың көрсеткіштері қарым-қатынас жасаудағы ұзақ үзіліс, бір сөзбен жауап беру, дауыс екпінін жоғарылату, адамды дұрыс тыңдамау, әңгімені үзіп тастау, байланысқа түсе алмау, дөрекілік, кемсіту, ұялшақтық, келіспеушілік, өтірік айту, бірбеткейлік”, - деп көрсетеді.

Егер оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас мазмұнды, достық, ынтымақтастықта, бұған тән өзара сыйластық, сенім, көмек нормаларына сәйкес құрылса, онда қарым-қатынаста қиыншылықтар болмайды. Осы тұрғыдан алғанда халықтың педагогика идеялары қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетеді. Мысалы, “Үлкенге-ізет, кішіге-қамқор”, “Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда”.

Мұндай халықтық педагогика идеяларын пайдалану студенттердің қарым-қатынас мәдениетінде маңызды біліктерінің қалыптасуына негіз болады (2-сурет).

Қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуында сөйлеу мәдениеті ерекше орынға ие.Студенттер арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің бейнесі жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның тұлғалық бейнесін оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның әр қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Бұлардың бәрі “Ат кісінескенше, адам сөйлескенше” дегендей әңгімелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз болады.

Студенттің жеке тұлға ретіндегі ішкі жан дүниесі, оның сөзі мен тілінен айқын көрініп тұрады. Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, олардың ерекшеліктерін байқауға болады. Ал қарым-қатынас мәдениеті оқу-тәрбие барысында пайда болып, қалыптасуы біртіндеп жүзеге асады. Әсіресе оқытушының қарым-қатынастағы мәдениеті маңызды роль атқарады, бұған үлкен мән берілуі қажет . Демек, қарым-қатынас мәдениетіндегі сөйлесу мәдениетіне ерекше мән беріледі. Адам иманына тілдің, сөздің тигізетін ықпалы үлкен. Ислам мәдениетінде тіл ілімі, сөйлеу мәдениетіне ерекше жауаптылықпен қарайды. Тілдесу мәдениетін бағалай білетін халқымыз: “Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар” деп сөздің маңызын тани білген.

Құранда “Аллаһ жаман сөздің жария болуын жақсы көрмейді” –деп бұрыс сөйлеуге тиым салады.Құраннан нәр алып және оған амал еткен бабаларымызда тілдің тәрбиелік мәнін ашып, келетін зияннан сақтандырған делінген. Ортағысарлық белгілі ақын Ә.Науаи: “Аузына келгенін айту – наданның ісі, Алдына келгенін жеу – жаманның ісі” – дейді. Тіл, жан, тән тазалығы – адам болмысының тазалығын құрайды.

Құранда (“Ахзаб” 70-71 аяттар): “Әй мүміндер, Алаһтан қорқыңдар да дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды”.

Яхия ибн Муъаз айтқан: “Жүрек - ішіндегілермен қайнап жатқан қазан тәрізді. Ал сөйлеу тілі – оның шөміші. Сондықтан бір адам сөйлеп жатқанда


2-сурет – Студенттердің қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуындағы маңызды біліктер

қараңыз, себебі оның тілі жүрегіндегі нәрсені шөміш тәрізді шығарып береді. Оның сөйлеу тілі тәтті ме, қышқыл ма, тұщы ма, ащы ма жүрегіндегілерді шығарып тұрады. Бұдан тысқары сізге, оның жүрегінің дәмін тілінің шөміші баяндап береді”.

Міне, осындай сөйлеу мәдениетінің қадір-қасиетін түсініп, маңыз берген, сөйлеу арқылы адамның құндылық бағыттарын ажырата білген, оған айрықша мән берген ұлттық мәдениетіміздің қайнар бұлағы – халқымыздың даналық мұралары негізінде жеке тұлға қалыптастыру маңызы міндет, ғылыми проблема.

Бұл проблеманың шешімін табуда ескеретін мәселе жоғары оқу орындарында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәрбие жүйесі болуы қажет. Олар мынадай бірнеше кезеңді қамтуы тиіс:

  • жүйенің қалыптасуы;

  • ұжымының қарым-қатынас жүйесі мен мазмұнын жасау;

  • жүйені лайықты тәртіп бойынша қалыптастыру, дәстүрлерді сақтау және жаңалықтарды енгізу.

Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі:

  1. Оқу бөлмесін ұлттық мәдениет элементтерімен безендіру.

  2. Тілдерді меңгеру.

  3. Ұлттық қарым-қатынас мәдениетін мәдениеттану сипатындағы оқу пәндері арқылы меңгеру.

  4. Ұлттық қарым-қатынас мәдениетін оқу бағдарламасындағы басқа да пәндерде меңгеру.

  5. Ұлттық қарым-қатынас мәдениетіне арналған арнайы курстар, факультативтер өткізу.

  6. Ұлттық қарым-қатынас мәдениетін меңгеруге арналған студенттердің зерттеу іс-әрекеті.

  7. Ұлттық қарым-қатынас мәдениетті меңгеруді мақсат еткен үйірмелер мен клубтардың жұмысы.

  8. Ұлттық қарым-қатынас мәдениетін меңгеруге арналған сабақтан тыс іс-әрекет (жарыстар, мерекелер, т.б.).

  9. Ұлттық қарым-қатынас мәдениетпен байланысты факультет, оқу орны дәстүрлері.

Жоғары оқу орны студенттері мен оқытушылардың қарым-қатынас мәдениетіне жасаған талдаулар нәтижесінде оның міндеттерін 4 топқа бөлдік:

Бірінші топ - әлеуметтік міндеттер (өзаракөмек, оны әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізу, жеке тұлғаның дамуы мен оның даралығының қалыптасуына тиімді жағдай жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен әрекеттестік).

Топтық динамиканы басқару білігі



Скачать документ

Похожие документы:

  1. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі (3)

    Документ
    ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ МИНИСТЕРСТВО ... ң адам жұмысқа қабылданаған. ҚазақстанРеспубликасының шағын және орта бизнесінің даму динамикасын ...
  2. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі (7)

    Лекция
    ... контроль 7 5 Талдыкорган, 2011 ҚазақстанРеспубликасының білім және ғылымминистрлігі Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ АКАДЕМИЯСЫ Министерство образования и науки ...
  3. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

    Учебно-методический комплекс
    ... , Алматы, «Аруна», 2004г. ҚазақстанРеспубликасының білім және ғылымминистрлігі Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ АКАДЕМИЯСЫ Министерство образования и науки ...
  4. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі (4)

    Учебно-методический комплекс
    ... обыденного. Алматы, 2005г. ҚазақстанРеспубликасының білім және ғылымминистрлігі Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ АКАДЕМИЯСЫ Министерство образования и науки ...
  5. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі (2)

    Учебно-методический комплекс
    ... -М; Весь мир, 2001г. ҚазақстанРеспубликасының білім және ғылымминистрлігі Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ АКАДЕМИЯСЫ Министерство образования и науки ...

Другие похожие документы..