textarchive.ru

Главная > Документ


О.М. Корчажкина мен Р.М. Тихонованың «Фонетико-орфографический справочник английского языка» кітабынан, «3.8.2. Чтение диграфов и сочетаний гласных букв» деген бөлімшесінен бір мысал алып көрелік [39, c. 70-71]:

Диграфay

  1. в ударном положении

Типичное чтение

[eI]

в середине и в конце слов

m

aybe ['meIbJ], may [meI], pay [peI],

play [pleI], say [seI], deay [dI'leI]

Нетипичное чтение

[J]

в отдельных словах

quay [kJ]

[e]

морфологический характер

says [sez] от to say [seI]

  1. В безударном положении

Нетипичное чтение

[eI]

в конце слова

Sunday ['sAndeI]

[I]

то же

sunny ['sAnI] (ay? ­ Н.Р.)

Кестеге түсіндірме берудің қажеті бар көрінбейді. Тағы бір үзікті ағылшын тілінде жазылған әдебиет көзінен алайық:

ie / ei

Егер дыбыс созылыңқы [I:] болса, с әрпінен соң келмеген жағдайларда сөз ie-мен жазылады, с әрпінен соң ei-мен жазылады.

ie = [I:]: thief, grief, niece, chief, achieve, relieve, yield, brief, piece;

ei = [I:] c әрпінен соң: ceiling, receive, deceit, conceive, perceive, receipt.

Ережеден ауытқулар: either, neither, financier, weird, species, seize, leisure. Бұл сөздер мнемониялық оқу тәсілі (ағ.т. a mnemonic device) арқылы есте сақталады, мысалы, мынадай сөйлемде: Neither financier seized either weird species of leisure [91].

Ағылшын тілінің жазу емлесі осындай «қызықтармен» толтырылған қалың кітаптардан тұрады. Негізгілері мыналар деп, қысқартып беруге болмайды, өйткені біртұтас орфографиялық ереженің бір бөлігінің маңызды, бір бөлігінің маңызды емес болуы мүмкін емес. Сондай 200-300 бет жазылған ережені жаттап алған күнде де, шындығына келгенде, тіл үйренуші тұрмақ, тіл өкілінің өзі де 100 пайызға оқу мен жазуды меңгеріп бола алмайды, бұл мүмкін емес. Себебі тілдегі мыңдаған терминдер мен ономастикалық атаулардың (өзге тілдің онимдерін, экзонимдерді қоспағанда) оқылуы мен жазылуын тек қана транскрипциялы сөздіктер арқылы, ал антропонимдерді тек құжаттар мен кісінің өзінің әріптеп айтуына қарай дұрыс жазуға болады.

Ал ағылшын тілінде жазылған онимдерде қандай графемалар қандай фонемаларды таңбалап тұрғанын анықтауды бұл диссертациялық жұмыс барысында қолға алудың тиімді болмауы, қолға алынған жағдайда мұндай тақырыптың толық ашылмай қалуы мүмкін. Бұл тақырыпқа, мүмкін, арнайы зерттеу жұмысын арнауға болатын болар.

Қазақ орфографиясында мұндай ұшы-қиыры көрінбейтін ереже жоқ. Р. Сыздықтың 2000ж. шыққан «Қазақ тілінің анықтағышында» «Қазақ емлесінің кейбір мәселелері жайында» деген тақырыпшада «Орфографиялық ережелер мынадай мәселелерді қамтиды:

  1. кейбір дыбыстардың жазылуы;

  2. түбір сөздердің және қосымшалардың жазылуы;

  3. сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы;

  4. шылаулар мен одағайлардың жазылуы;

  5. бас әріптердің жазылуы;

  6. сөздерді тасымалдау.

Қазақ тілі орфографиясында дауысты, дауыссыз дыбыстардың жазылуының барлығы бірдей қиындық туғызбайды. Олардың көпшілігі сөздің кез келген жерінде қолданылып, өз әрпімен жазыла береді. Тәжірибеде бірсыпыра қиындық келтіріп жүрген тұстар ­ дауысты ә, ы, і, и дыбыстарын таңбалайтын әріптер мен дауыссыз х, сонор й, у дыбыстарын таңбалайтын әріптердің емлесі» делінеді [92, 9-10 бб.].

Дегенмен, бұл анықтағыштар, орфографиялық сөздіктер қазақ тілінде қажет емес деген ой туғызбайды, олар қажет. Олардың да көлемі 100 беттен кем түспейді (Орфография ережелері, Пунктуация ережелері, Тыныс белгілері тараулары аталған 532 беттен тұратын анықтағыштың 119 бетін қамтиды). Бірақ ағылшын тіліндегідей, қай әріпті қай әріптен кейін, қай диграфты қандай жағдайда жазу керек немесе қай сөздер ережеге бағындайды деген сияқты сұрақтарға шешім табу үшін емес, мысалы, әр түрлі, әрқилы деген сөздерді бірге жазамыз ба, бөлек жазамыз ба? Кез келген деген сөз дефиспен жазыла ма, жоқ па? Тыйым сөзі қалай жазылады? Кириллше дегенде бір л келе ме, әлде геминат лл жазыла ма? Дауысы/ даусы қайсысы дұрыс, ы толық редукцияға түсе ме, жоқ па? Асан қайғы/ Асан Қайғы/ Асан-Қайғы қалай жазылады? Қозы Көрпеш – Баян сұлу ды қалай жазамыз, дефис арқылы ма, жоқ әлде үлкен сызық (тире) арқылы ма? Яғни, себебі, сондықтан деген сөздерден соң үтір қойыла ма, қойылмай ма? дегенге ұқсас сұрақтар төңірегінде ғана тиісті құралдарды іздейміз.

Сондықтан да болар, қазақ тілінде оқу ережесі болмайды. Орфоэпия бар, ол сөйлеу барысында дыбыстарды комбинаторлық өзгерістерге ұшыраған күйінде дыбыстау жөн деп үйретеді. Бұл дыбыстардың құлаққа жағымсыз тиюіне, какофонияға (ағ.т. cacophony) жол бермей, сөйлеу тілінің құлаққа жағымдылығын, эвфонияны (ағ.т. euphony) қамтамасыз етеді.

Ағылшын орфографиясында монограф, диграф, триграф, тетраграф, полиграф сияқты графема түрлері қолданылатын болса, қазақша оқу-жазуды үйрену барысында графема терминінің өзі де қолданылмайды. Графема тұрмақ, қазақ баласы әріптіркесі деген қазақ тіліндегі терминнің өзін тек ағылшын, француз сияқты шет тілдері сабақтарында ғана кездестіреді. Мәселенің кульминациясы сол, қазақ (және орыс) аудиториясында ағылшын тілін оқыту тәжірибемізден белгілі, ЖОО қабырғасындағы тіл үйренушілерді, ең алдымен, аса қарапайым дыбыс және әріп деген екі ұғымды бір-бірінен ажыратып алуға үйретеміз, тіл осы екі ұғымға ерекше назар аударудан басталу қажет. Олай болмаған жағдайда тіл үйренушілер соңғы курсқа дейін әріп пен дыбысты, сондай-ақ кейбір әріптерді (мәселен, s әрпін [sJ] деп, c әрпін [es] деп, g және j әріптерін ажырата алмай, j әрпі мен [j] дыбысын ажырата алмай, бірінің орнына бірін айту, бірінің орнына бірін жазу сияқты, т.б.) шатастыруды қоймайды.

Т. Амированың «К истории и теории графемики» атты еңбегінде графема мен фонеманың арақатынасына берілген бірқатар авторлардың көзқарасы жайында «В работах, авторы которых вообще не пользуются термином «графема», фонема объявляется репрезентантом буквы, например М. Янакиеву, «фонема есть речевое соответствие (значение) буквы» или «фонема является речевым соответствием букве определенной орфографии» делінеді [1, c. 100]. Яғни қазақ тілінде (акцентті-фонологиялық бағыт бойынша) фонема репрезентанттары мен оларды таңбалайтын графемалардың арақатынасы тең деуге болады.Ә. Жүнісбек зеттеулерінде қолданылатын әліпби-дыбыстар терминін осы тұрғыдан түсінуге болады деп ойлаймыз.

Ағылшын тілінің орфографиясымен салыстыра қарағанда қазақ тілінің бүгінгі орфографиясы фонетикалық транскрипция (Phonetic TM шрифті) тәрізді көрінеді. Дегенмен де, фонематикалыќ (фонологиялыќ) принципке негізделген орфографияныњ ќандайында болмасын оныњ жазуы мен айтылымы арасында толыќ сєйкестіктіњ болуы м‰мкін емес, оған себеп жазба тілдіњ сµйлеу тілін толыќтай ќамтамасыз ете алу м‰мкіндігініњ шектеулі екендігі туралы тіл мамандары тарапынан айтылып келеді.

Бір-бірімен типологиялық та, генетикалық та қатысы жоқ, жазуы екі бөлек гетерогенді әліпбилер жұбынан тұратын қазақ және ағылшын тілдерінің графикасын қатар қоя отырып, универсалия мен уникалияны анықтауға әрекет жасап көрелік. Баламалы графемалар ретінде aa, бb, вv, гg, д–d, зz, кk, лl, мm, ңng, о–о, пр, рr, сs, т–t, у–u, фf, һh, ч–сh, шsh, э–e таңбаларын жұптауға болады. Бұл графемаларды абсалютті универсалия деп тануға болады және қазақ жазуы келешекте латын қарпін қабылдайтын болса, талас жоқ, осындағы жұп құрап тұрған графемалардың кирилл сыңарлары латын сыңарларымен алмастырылады, тек ң ng, ч – сh, ш shжұптарының ағылшын тіліндегі диграф сыңарлары жөнінде арнайы келісімге келу қажет болуы мүмкін. Демек, қазақ әріптерімен осында жұп құраған ағылшын графемалары қазақ атауларын ағылшын тілінде транслитерациялауда қиындықсыз жұмсалады деген сөз. Ал мәселенің кері жағына, ағылшын атауларын қазақ тілінде жазуда бұл жұптар бір-бірінің орнына жұмсала ма деген сұраққа жауап қандай? Жауап – „Жоқ“. Себебі Shakespeare есімін Шекспир деп жазып жүрміз (Шейкспиә деп жазуымыз естілуін анығырақ берген болар еді, әрине). Ал жоғарыдағы графемалар жұптарын жұмсасақ, Шакеспеаре болып шығады. Сондықтан, тілдердің өзіндік орфографиялық ұстанымдарына (принциптеріне) орай ағылшын тіліне қазақ атауларын транслитерациялау, қазақ тіліне ағылшын атауларын транскрипциялау тәсілімен графикалау мүмкіндігі жарамды болады.

Баламалы графемалар қатарына қосылмаған баламасыз графемаларды шығару үшін қазақ әліпбиін қайта көз алдымызға әкелейік.

Қазақ: а, є, б, в, г, ѓ, д, е, ё, ж, з, и, й, к, ќ, л, м, н,њ,о, µ, п, р, с, т, у, ±, ‰,

ф, х, Ћ, ц, ч,ш, щ, ъ, ы, і, ь, э, ю, я.

Ағылшын: a, b, c, d, e, f, g, h,і, j, k, l, m, n, o, p, q, r, s, t, u,v, w, x, y, z.

Боялғандар – баламалы болса, боялмағандар – баламасыз болып шығады. Сонымен, баламасыз графемалар қазақ тілінде: є, ѓ, е, ё, ж, й, ќ, µ, ±, ‰, х, ц, щ, ъ, ы, і, ь, ю, я; ағылшын тілінде: c, j, q, w, x, y. Қазақ атауларын ағылшын тілінде транслитерациялауда осы баламасыз графемаларға «балама» табу біздің жұмысымыздың қиын да болса міндеті болып табылады. Қазақ тіліндегі баламасыз деп танылған є, ѓ, е, ё, ж, й, ќ, µ, ±, ‰, х, ц, щ, ъ, ы, і, ь, ю, ятаңбаларының да ішінен е, ё, ж, й, х, ц, і, ю, я таңбаларын ағылшын графикасында таңбалауға аса қиындық тудырмайтындар ретінде қарастыруға болады (себебі жұмысымыздың 3 бөлімінде ашылады). Қалған є, ѓ, ќ, µ, ±, ‰, ц, щ, ы, ь, ъ таңбаларын ағылшын тілі графикасында аса қиындық тудыратындар деп, бұлар жөнінде жасалған тоқтамдарымызды ғылыми негіздеу міндетін алға қоямыз.

Қазақ тілінің әріпке дыбыс/ дыбысқа әріп сәйкестігініне орай, біз олардың ағылшын тіліндегі қалыптасқан графемаларынан баламалы, баламасызын табу мүмкіндігіне толықтай қол жеткізіп отырмыз. Ал ағылшын әліпбиіндегі баламасыз деп табылған c, j, q, w, x, yмонографтарына қоса, жоғарыда 2, 3 кестелерде (біз көрсетіп отырған баламалы жұптардан өзге) келтірілген әрбір фонеманы таңбалайтын сансыз диграф, триграф, полиграфтардан құралған графемалар да түгелімен баламасыз (уникалия) болып шығады. Оған себеп, қазақ графемалары тек біртекті монографтардан құралады.

Баламасыз деп танылып отырған c, j, q, w, x, y таңбалары туралы пысықтай өтетін бір мәселе бар, ол ағылшын тілінде әріптің барлығы графема болып табылмауы мүмкін деген ойдан туады. Мәселен, q әрпінің графема ретінде тіркелуі Iraq сөзі арқылы 3-кестеге түсіп тұрғанын көруге болады. Әлем картасында бұл қатарға Qatar мемлекеті қосылады, дегенмен, q әрпінің мұндай жеке дара қолданысы ағылшын тілінің табиғатына мүлдем жат келеді, француз тілінің әсерімен келген qu әріптіркесі – жатық. Иракқа АҚШ басқыншылығынан репортаж жүргізген BBC World News журналистері Ragie Omaar және Lyse Doucet “Iraqi military forces, Iraqi soldiers, on the Iraqi soul” деген сияқты тіркестерде Iraq, Iraqi сөздерінің айтылуын жергілікті тілден хабары болғандықтан және тілге құрмет ретінде деуге болады, <ирақи> деп дыбыстаумен болды. Бірақ бұл барлық журналистер үшін қабылданған айтылым нормасы емес. Сондықтан, бірлі-екілі мысалдарды есепке алмағанда, q әрпінің дербес графемдік мәртебесі, яѓни графикалыќ бірлік ретінде қарастыру-қарастырмау өз алдына басы ашыќ сұрақ болып қалады.

1.2.1 Транскрипция және транслитерация

орфографиялық принциптер ретінде

Орфографияның қазақ және ағылшын ЖТ деріне қатысты принциптерімен танысып, екі графиканың жалпы сипатына қол жеткізгеннен соң, жұмысымызда маңызды орын алатын тағы бірқатар сұрақтарды анықтап алу міндеті тұр. Бұл –

кірме сөздердің қабылдану принциптері. Л.Р. Зиндер: «шетел сөздерін, әсіресе, кісі аттарын, географиялық атауларды және терминдерді жазу 3 принципке: дәйексөздік (цитатный), транскрипциялық және транслитерациялық принциптерге негізделеді» дейді және бұл принциптердің үшеуі де уәждемесіз принциптерден болады деп көрсетеді [77, c. 101]. Автордың принциптер топтамасын еске сала кетейік (принпиптердің қазақ тіліне аудармасы Н. Уәливтікі [78, 54 б.]):

Уєждемелі принциптер

Уєждемесіз принциптер

фонематикалыќ

фонетикалық

морфематикалыќ

грамматикалық

дєст‰рлі (традиционный)

айырмыс (дифференцирующий)

транслитерациялық

транскрипциялық

түпнұсқалық (цитатный)

Аталған еңбекте қарапайым адамның жазуына қолайлы, тілдің табиғи жүйесіне лайықталған принциптер уәждемелі, ал тілдің өз еркінен тысқары принциптер уәждемесіз деп аталады делінеді. Уәждемелі / уәждемесіз (немесе уәжді / уәжсіз) принциптер мәселесін талқылау үшін тағы бірқатар сұрақтардың басын ашып алуымыз қажет.

«Лингвистический энциклопедический словарь“ ( бас ред. В.Н. Ярцева) „В современных орфографиях применяются принципы: морфологический, фонетический, фонематический, традиционный, а также принцип морфолого графической аналогий. Иногда выделяют дифференцирующий принцип (ожог – ожёг, компания – кампания и др.), однако ряд исследователей (А.Н. Гвоздев и др.) считают, что дифференцирующие написания являются лишь следствием применения других принципов» деп көрсетеді. Сондай ақ, «морфолого графическая аналогия» принципі кейде граммематикалыќ принцип деп аталатыны, кірме сөздерді жазуда транскрипция және транслитерация принциптерінің қолданылатыны, лексико синтаксический, лексико  морфологический, словообразовательно грамматический деген принциптер, бас әріп/кіші әріптердің қолданылу принциптері жөнінде айтылады. Морфологиялыќ принциптің өзін фонемалық немесе фонематикалық принцип деп қарайтын МФМ нің көзқарасы сөз болады [92, c. 350 351]. Аталғандардың бірқатары орыс тілінің орфографиясына қатысты болып келеді. Сондықтан біз олардың (кейде бірінен бірі туындап жататын) барлығының тереңіне бармай, бастыларымен және тақырыпқа қатысты тұстарды қарастырумен шектелеміз.

Сонымен, қысқаша баяндасақ, фонематикалыќ (= фонологиялыќ)принцип бойынша жазуда дыбыстардыњ сµз ішілік жєне сµзаралыќ бір-біріне тигізетін єсері ескерілмей, олардыњ инвариант фонемалары саќталып жазылады. Морфематикалыќ (= морфологиялыќ) принцип бойынша сµзде морфемалардыњ т‰бірі саќталып жазылады. Дәстүрлі (тарихи-дєст‰рлік)принцип деп жазуда сµздіњ бір кездері пайда болып, ќалыптасќан ‰лгісін ±стануды айтады. Фонетикалыќ принцип бойынша сµзді құрап тұрған әріптер дыбыстыќ ќоршауѓа тєуелді жаѓдайда, комбинаторлық µзгеріске ±шыраѓан ќалпында жазылады. Айырмыс(дифференцирующий) принципі «Лингвистический энциклопедический словарь“ берген түсіндірмеден түсінікті тәрізді. Бұған қазақ тілінде хан – қан, хош – қош, т.с.с. мысалдарды алуға болады. Ал транслитерация, транскрипция жұмысымызда бірден бір нысанаға алынған терминдер болғандықтан, бұл принциптерді кеңінен қарастыру міндетіміз.

Алдымен, бір біріне жақын екі терминнің аражігін ашып алу маңызды. Себебі транскрипция мен транслитерацияны бір ұғым деп ќарайтындар бар. «Кеңес әдебиетінде бұлар көбіне синонимдес ұғымдар ретінде қолданылған» [93, c. 208].

Тілге қатысты транскрипция терминіне “Словарь иностранных слов”: “[<лат. Transcriptio переписывание] – 1) точная передача всех тонкостей произношения какого-л. языка независимо от его графических и орфографических норм, употребляемая в научных целях; 2) передача иноязычных собственных имен, географических названий и научных терминов с помощью особой системы знаков (фонетическая транскрипция)“ деген түсінік берсе, транслитерацияға “[транс…+ лат. littera буква] – лингв. передача букв одной письменностей посредством букв другой письменности” деген түсінік береді [94, c. 503 фонетическая транскрипция);273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273273].

Транскрипция терминіндегі этимон сµз лат. «transcribo» о баста римдіктер тілінде біреудіњ ќарызын, кінєсін біреуге кµшіру деген маѓынада ќолданылѓан екен. Ал транслитерация ХІХѓ.-да лат. trans + littera «єріп» сµздерініњ ќосындысынан жасанды ќ±растырылѓан термин екен. М±ныњ бастапќы маѓынасы µзге єліпбидегі сµзді немесе мєтінді латын графикасына кµшіру үдерісі жєне сол үдерістің ќорытындысы – ѓылыми кітапханалардыњ катологтарына ќосу ‰шін транслитерацияланѓан есімдер, ата-тектер, кітаптар мен маќалалар аттары болѓан [24, c. 16]. Транслитерация туралы осы ±ѓымды ќазірге дейін ±станатын ѓалымдар бар. Мєселен, Л. Блумфилд: “Для языков приминяющих не латинский алфавит, а другие формы письма, вместо транскрипции часто используется транслитерация. Транслитерация заключается в том, что за каждым знаком национального алфавита закрепляется определенная буква или группа букв латинского алфавита или даже какое-нибудь условное обозначение; таким образом, традиционная орфография данного языка воспроизводится с помощью латинских букв” [24, c. 17] дейді. Осылай транслитерацияны µзге графикадан тек ќана латын ќарпіне кµшіріп жазу деп білетіндер бар. Олардыњ таѓы бірі Х. Зикмунд, оныњ пікірінше, транслитерация тек латын єліпбиін ±станбайтын тілдердіњ сµздерін латын єріптердіњ, дєйекші белгілердіњ жєне мейлінше аз мµлшерде қолданылған єріптіркестердіњ кµмегімен латын жазуына кµшіру дейді. Оныњ пікірінше, орыс графикасына транслитерациялаудыњ болуы м‰мкін емес. Транслитерация – ±лттыќ емес, халыќаралыќ емес, жасанды. Оныњ басты міндеті – библиотека, библиография ‰шін єрт‰рлі графиканы бірегей єліпбиге келтіруді жењілдету маќсатында жалпы латын графикасына µткізу. Транслитерацияланѓан сµзді д±рыс оќу сол тілдіњ орфоэпиясын білуді ќажет етед, ал транслитерацияныњ µзі айту ‰шін емес, жазу ‰шін жасалады. Оны тек тілді білетін адам ѓана оќи алады. [24, c. 19]

Дегенмен, транслитерация ­ латыннан басќаны латынѓа кµшіру деген пікірмен кµп ѓалымдар келіспейді. В.Г. Ветвицкий, В.Ф. Иванова, А.И. Моисеевтерше: «транскрипция – это передача звучание слов заимственного слова средствами (буквами) русского письма; транслитерация – это переложение письменного облика заимственного слова средствами (буквами) русского письма (для других языков это буквы своего письма)» [95, c. 118]. Б±л авторлар транслитерацияѓа ќараѓанда транскрипцияныњ біртіндеп кµбірек ќолданылуы орныѓып келе жатќанын (1974ж.) айтады. Б±лай деудіњ де себептері жоќ емес, транскрипция транслитерацияѓа ќараѓанда єлдеќайда оњай, себебі м±нда белгілі бір инструкцияѓа с‰йенудіњ ќажеті жоќ. Ќазіргі мєдениетаралыќ қарым қатыныстың жаңа дењгейге көтерілуі жаѓдайында (тек латынѓа емес) тілден тілге транслитерациялау процесі жања ќарќын алѓан. Б±л т±рѓыда латыннан µзге тілдерге транслитерациялауѓа арналѓан арнайы термин ойлап табудыњ да ќажеті жоќ. Осы орайда айта кетерлік бір жаѓдай, ќазаќ тілініњ сµздерін µзге тілдерде транскрипциялауға да, транслитерациялауға да болады, транскрипциялауѓа инструкция ќажет емес, ал транслитерациялаудыњ ережесін орнықтырып, бекіту ќажет. Біраќ кері процесте ќазаќ тіліне µзге тілдердіњ сµздерін транскрипциялауға болады да, транслитерациялау деген ±ѓымныњ болмайтынын айта кетеміз (себебі келесі тарауда талќыланады).

Ал О.С. Ахманованыњ лингвистикалық терминдер сөздігінде [36, c. 478] транскрипцияныњ 1-маѓынасы – сµйлеуді ѓылыми лингвистикалыќ маќсатта жазудыњ арнайы тєсілі деп, Т. морфофонематическая (аѓ.т. morphophonemictranscription), Т. словофонематическая (аѓ.т. word-phonemictranscription), Т. узкая (аѓ.т. narrowtranscription), Т. широкая (аѓ.т. broadtranscription), Т. фонетическая (аѓ.т. phonetictranscription) деген тіркестерге т‰сінік береді. 2-маѓынасы – фонетикалыќ транскрипциямен тењ; 3-маѓынасы – (1-маѓынасындаѓы) транскрипциялау ‰шін ќабылданѓан тањбалар ж‰йесі деп, Т. фонетическая международная (аѓ.т. InternationalPhoneticTranscription) терминін келтіреді. 4-маѓынасы – транслитерацияны білдіреді (то же, что транслитерация) деп кµрсетеді. Ал транслитерацияѓа (аѓ.т. transliteration) “передача текста, написанного при помощи одной алфавитной системы, средствами другой алфавитной системы” деген т‰сінік береді [36, c. 479]. Сµздік авторы екі ±ѓымныњ аражігін ашпайды. Транскрипция транслитерация деген маѓынаны білдіреді дегенде транскрипцияныњ не деген т‰рі транслитерациямен «тењ» екенін білдіретін аныќтауышты кµрсетпейді, транскрипция мен транслитерацияны бір деп ќарайды.

В.Н. Ярцеваныњ (бас ред.) Лингвистикалық-энциклопедиялық сөздігінде транслитерацияға “(от лат. trans – через и littera – буква) – побуквенная передача текстов и отдельных слов, записанных с помощью одной графической системы, средствами другой графической системы. Базируясь на каком-либо алфавите, Транслитерация допускает условное употребление букв, введение дополнительных знаков и диакритических знаков” деген анықтама берсе, практикалық транскрипцияға «запись иноязычных слов средствами национального алфавита с учетом их произношения. Практическая Т. основывается на правилах передачи графем или графических сочетаний одного языка графемами или графическими сочетаниями другого языка, причем в отличие от транслитерации эти правила должны учитывать то, как графемы и графические сочетания произносятся в каждом конкретном случае” [92, c. 518] деген түсіндерме беріледі.

Ѓ±мырлыќ зерттеулерін тілден тілге аударылмайтын ономастикалыќ атаулар графикасына арнаѓан ѓалым А.В. Суперанская «Теоретические основы практической транскрипции» деп аталатын ењбегінде таќырыпќа ќатысты терминдерге толыќ т‰сінік береді. Ќазіргі уаќыттаѓы транскрипция не сµздердіњ айтылуына, не сµздердіњ жазылуына арналады. Сµздіњ айтылуына арналѓан транскрипция ѓылыми жєне тіл ‰йрету маќсатына ж±мсалады (Мєселен, аѓ.т. нің көп стандарттарына ортаќ IPA, PhoneticTMшрифті ќолданылып келеді. – Н.Р.). Олар ±лттыќ та (мыс, русская диалектологическая транскрипция), халыќаралыќ та (мыс, транскрипция Международной фонетической ассоциации) болуы м‰мкін. Жалпы принциптерді біріктірген ѓылыми фонетикалыќ транскрипция тіл ‰йретуде ќолданылады. Сондай-аќ ѓылыми маќсатта ќолданылатын фонематикалыќ транскрипция сµздіњ фонемалыќ ќ±рамын аныќтауѓа ж±мсалады. Ал шетел сµздерініњ жазылуын нысанаѓа алѓан транскрипция практикалыќ маќсаттарда ќолданылады. Жалпылай оларды екі түрге бµлуге болады. Оныњ бірі – µзге тілдердегі географиялыќ атауларды, кісі аттары мен ата-тектерді карталар мен жалпы баспасµзде беру ‰шін ќолданылатын практикалыќ транскрипция, екіншісі – ерекше графикалыќ наќтылыќты ќажет ететін жекелеген сµздер мен мєтіндер жазуында пайдаланылатын транслитерация [24, c. 14]. Осылайша, транслитерация жалпы транскрипцияныњ «ќарамаѓында» ќарастырылады.

Алғаш қолданысқа А.М. Сухотин арқылы келген практикалыќ транскрипция термині [92, c. 518] А.В. Суперанская берген т‰сінік бойынша баспасµз, ѓылыми жєне кµркем єдебиет, картография, библиография, жарнама сияќты т.б. ж±мыстарда к‰нделікті практикалыќ ќолданыста бір тілдіњ сµздерін екінші бір тілдіњ кєдуілгі орфографиясымен беру тєсілі, ол µзге тілден енген сµздерді жеткізуші, алып келуші ќ±рал ретінде сол тілдіњ сµздік ќорыныњ ±лѓаюына ‰лес ќосады. Практикалыќ транскрипцияның ретроспективті деп аталатын түрітіркелген жазылуы бойынша жалќы есімніњ т‰пн±сќа тілінде немесе ортањѓы тілде жазылуы мен айтылуын ќайта жандандыру ‰шін сµз этимологиясын іздеу маќсатында ќолданылады [24, c. 3].

Практикалыќ транскрипция беруші жєне ќабылдаушы екі тіл арасындаѓы байланыс бола отыра, ќабылдаушы тілдіњ єліпбиімен шектеледі, себебі ол бойынша жазылѓан сµз ќабылдаушы тілде оќылуы керек. Ал транслитерация екі тіл арасындаѓы байланыс бола отыра, ќабылдаушы тілдіњ єліпби ж‰йесімен шектелмейді. Єліпби ж‰йесініњ м‰мкіндіктері жетпеген уаќытта м±нда жасанды белгілерге – дєйекшілерге (диакритикалыќ үстемелерге) ж‰гіну орын алады. Сол себепті, транслитерация – шартты код, оны қолданудың белгілі бір ережелері – инструкциясы болуы ќажет. Ал ќабылдаушы тілде арнайы т‰сіндірме (Notes on Transliteration) берілмеген жаѓдайда беруші тілді білмейтін кісіге оны оќу ќиын. Себебі, транслитерацияныњ маќсаты – оќуды емес, д±рыс жазуды ќамтамасыз ету.

«/wiki/» интернет желісінде транслитерацияның 3 түрі көрсетіледі: қатаң (тәртіппен құралған) транслитерацияда (строгая транслитерация) әрбір әріп жеке таңбамен ауыстырылады. Босаң транслитерацияда (ослабленная транслитерация) кей әріптер өзге әліпбидің екі немесе одан көп әріптіркестерімен алмастырылады. Кеңейтілген транслитерацияда (расширенная транслитерация) кей әріптіркестер ерекше жолмен беріледі.

Практикалыќ транскрипция термині кµптеген єдебиет кµздерінде аударма транскрипциясы (переводческая транскрипция) деп те ќолданылады [96, c. 63]. Б±ѓан аѓылшын тіліндегі translational transcription термині сєйкес келеді. З.Г. Прошинаның “Английский язык как посредник в коммуникации народов Восточной Азии и России (проблема опосредованного перевода)” деп аталатын докторлыќ диссертациясында «Возпроизведение графической формы называется транслитерации, а возпроизведение в языке-рецепторе звуковой формы исходного слова называется практической (переводческой) транскрипцией (Сухотин, 1935) или трансфонацией (трансфонированием) (Тимофеева, 1985)» делінеді [25, с. 190].

Сонымен, жұмысымыздың басты терминдерінің аражігін анықтап алдық. Мұның нәтижесінде жоғарыда осы бөлімнің басында көрсетілген уәждемелі және уєждемесіз принциптер тобындағы транслитерациялық және транскрипциялық принциптер жөнінде бір мәселенің басын ашып алу керек болатын. Л.Р. Зиндер бұл кірме сөздерді жазуда қолданылатын екі (дәйексөздік принципті қоса үш) принципті уәждемесіз принциптер қатарына жатқызады да, оған себебін ретінде: «Беруші тіл мен қабылдаушы тілдің ішкі заңдылықтары сәйкес келмейді, қарапайым тіл өкілінің кірме сөздің қай тілден алынғанын да, оның бұл тілде қалай дыбысталып, қалай жазылуын да білмеуі мүмкін» дегенді алға тартады [77, c. 101].



Скачать документ

Похожие документы:

  1. Рсалиева нұрс а уле мақсұтқызы қазақ онимдерін ағылшын тілінде транслитерациялаудың ғылыми-теориялық негіздері

    Документ
    ... құқығында Рсалиева Нұрсауле Мақсұтқызы Қазақ онимдерін ағылшын тіліндетранслитерациялаудың ғылыми-теориялық негіздері 10. ... ылыми-теориялыќ конференция. – Алматы.: “Дайк-пресс”, 2004. – 642 б. Аяпова. Т.Т. Қазақ тілі. Негізгі оқулық. Алматы.: “Ғылым ...

Другие похожие документы..