Главная > Документ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

СЕМИПАЛАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени ШАКАРИМА

«Қазақстандағы кәсіпкерлік: теориясы,

тәжірибесі мен әдістемесі»

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының

МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

международной научно-практической конференции

«Предпринимательство в Казахстане:

теория, практика, методология»

5-7 мамыр

ІІ - ТОМ

Семей – 2010

УДК 334

ББК 65.9 (5 каз.) 09

Қ 18

«Қазақстандағы кәсіпкерлік: теориясы, тәжірибесі мен әдістемесі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. 2010, 183 б.

ISBN 9965-887-68-3

Жинаққа халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция материалдары, қазіргі кәсіпкерліктің негізгі даму тенденциялары мен қызмет көрсету механизмдері бойынша тәжірибені ашатын материалдар енгізілген.

Конференция материалдары жоғарғы оқу орны профессорлық-оқытушылық құрамына, кәсіпкерлерге, сәйкес мамандықтардың магистранттары мен студенттеріне арналған.

Редакциясын басқарған т.ғ.д., профессор Сыдықов Е.Б.

Редакция алқасы: п.ғ.д. Молдажанова А.А., т.ғ.д. Рскелдиев Б.А., т.ғ.к. Кожагелдиев Б.К., э.ғ.к. Толымгожинова М.К., э.ғ.к. Айдарханов М.Х., а/ш.ғ.к. Кушуков Г.С., Кузьмина Л.В.

Сборник материалов международной научно-практической конференции «Предпринимательство в Казахстане: теория, практика, методология».

Семипалатинский государственный университет имени Шакарима. 2010, 183 стр.

В сборник включены материалы международной научно-практической конференции, раскрывающие опыт, механизмы функционирования и основные тенденции развития современного предпринимательства.

Материалы конференции могут быть полезны профессорско-предпринимательскому составу ВУЗов, предпринимателям, магистрантам, студентам соответствующих специальностей.

УДК 334

ББК 65.9 (5каз.)09

Под редакцией д.и.н., профессора Сыдыков Е.Б.

Редакционная коллегия: д.п.н. Молдажанова А.А., д.т.н. Рскелдиев Б.А., к.т.н. Кожагелдиев Б.К., к.э.н. Толымгожинова М.К., к.э.н. Айдарханов М.Х., к.с/х.н. Кушуков Г.С., Кузьмина Л.В.

ISBN 9965-887-68-3

ҚАЗІРГІ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ – ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

Габдуллина Л.Б., Абеуханова Е.М.,

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА ҚР-ДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫН

МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыс әсері біздің еліміздіде шарпып өтті еліміздегі дұл жағдай халықтың әл ауқатына,әлеуметтік тұрмыс тіршілігіне кері әсерін тигізбей қоймайды.Кейінгі үш жылға талдау жасайтын болсақ еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 2007 жылы 7,3%, 2008 жылы 6,8%, 2009 жылы 6,7% құраған. Бұл көрсеткіштер нақты тіркелген жұмыссыздар мөлшерімен көрсетілген. Ал өзін өзі жұмыспен қамтығандар арасындағы, еңбек биржаларына тіркелмеген жұмыссыздарды есепке алатын болсақ нақты жұмыссыздар деңгейі бұдан көбірек болады,

Еліміздегі жұмыссыздық деңгейін одан әрі төмендету мақсатында, еңбек нарығындағы мәселелерді реттеу бойынша көптеген шаралар атқарылып, бағдарламалар қабылданған.

Қазіргі кездегі мемлекеттік масштабтағы жұмыссыздықпен күресу бағдарламалары:

  1. «Жол картасы» бағдарламасы - Қазақстанның дағдарысқа қарсы қабылдаған жоспарының атауы. Бұл бағдарлама, негізінен, аймақтардағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Облыс аудандары мен қалалары бойынша «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру 4 бағытта жүргiзiлдi. Бiрiншi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағытында сала бойынша 16377 жұмыс орны ашылып, 14,7 мың адам жұмыспен қамтылды. Екiншi бағыт – жолдарды жөндеу және көпiрлер салу бойынша 8792 азамат еңбекпен қамтылып, 131 жобаның жұмысы аяқталды. Үшiншi бағыт – мектеп, аурухана, тағы басқа әлеуметтiк объектiлердi жөндеу бойынша 12212 жұмыс орны ашылды. Төртiншi, ауылдық жерлердегi әлеуметтiк-мәдени объектiлердi жөндеу бағыты бойынша 345 адам жұмысқа тартылды. Биыл «Жол картасы» бағдарламасы барынша жемiстi жүргiзiлдi. Ал «жастар практикасы» бойынша 2122 кәсiпорынмен келiсiм-шарт жасалып, еңбек дағдысын алуға жұмыссыз жүрген 14346 жас маман жiберiлдi. Кешегi күнге дейiн солардың 507-сi тұрақты жұмысқа орналасқан. « Жол картасы» бағдарламасы осы ағымдағы жылы бірінші рет өткізілген, және де нәтижелі істерге қол жеткізуі себебінен, Президентіміз уәде бергендей келесі жылы да өткізілмек.

  2. «Дипломмен ауылға» мәселесі – бұл жастарға арналған бағдарлама. Бағдарламаның негізі – жоғары оқу орындарын бітірген жастарды ауылдарға жіберу. Мұндай жастарға мемлекет берері мол: әлеу­меттік қолдау да әжептәуір, ауыл тұрмысына жетерліктей. Бір реттік жәрдемақысы, тұрғын үй алуға же­ңілдетілген несиесі, айлық жал­ақыға 25 пайыздық үстемеақысы та­ғы бар. Үлкен мүмкіндік. Ең бастысы бір оқпен екі қоянды бірдей ататындығында, ауылдағы кадр дефициті де шешілмек, әрі жастарға жұмыс болады. Әрине бұл өте үлкен мүмкіншілік, дипломды қалтаға салып қойып, тек қаланың шаңын бос тоздырып жүргенше, екі қолға бір күрек болар жұмыс іздеп ауылға барған жөн.

  3. Айтып кетер мемлекеттік масштабтағы тағы бір бағдарлама – «100 мектеп,100 аурухана» бағдарламасы. Елбасы бастамашы болған бұл бағдарлама 2007 – 2009 жылдар аралығында 106 білім беру объектілері мен 103 денсаулық сақтау орындарын салу жоспарланған болатын. Және де мемлекет бюджетінен бұл бағдарламаға бөлінген қаржы сомасы 375 млрд тенге. Бүгінде елімізде 51 білім беру нысаны пайдалануға тапсырылды. Ал денсалық сақтау мекемелерінің жалпы іске қосылған саны – 39. Әзірше, бұл бағдарлама нысаналы тарнсферттердің нашар игерілуі, құрылыс жұмыстарының төмен сапасы мен технологияларының бұзылуынан уақытылы орындалмай отыр. /www.newsfactory.kz/

Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс

Жұмыссыздықтан қоғау жүйесінің негізгі мақсаты – жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету

Жұмыссыздық бойынша қоғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады – жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады.

Жалпы, қазіргі күні Үкіметтің жұ­мыс­сыздықпен күрес жөніндегі шара­ла­ры кең тыныспен, жан-жақты жалғасып келеді деп айтуға болады. Бірінші кезек­те Индустрия және сауда министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әкімдіктер арқылы ірі және орта бизнес кәсіпорындарымен 3 мыңнан астам меморандумға қол қойылды. Шетелдік жұмыскерлерді ішкі еңбегі рыногына тартудың квотасы белгіленіп, бұрнағы жылдармен салыстырғанда оның көлемі төмендетілді. Жастар арасында жұмыс­сыздықпен күрес аясында жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің ішінде 40 пайызға жуығы жұмысқа орнала­сатын болды.

Екіншіден, Үкімет халықтың әлеу­меттік тұрғыдан аз қорғалған бөлігін қорғау мәселелерін қолға алып отыр. 2008 жылы халықтың осы бөлігіне әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге 8 миллиард 617 миллион теңге ба­ғытталмақ.

Үшіншіден, еліміздегі еңбек рыногын қолдау мақсатында кәсіп­орындардың жұмыс күшіне деген қа­жет­тілігін анықтайтын және олардағы жұмыс орындарының сақталуын бақы­лайтын мониторинг жүргізу жүйелі жол­ға түсірілді. Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министр­лігінің www.enbek.kz сайты ашылды. Бұл сайтқа жұ­мыс іздеп жүрген кез кел­ген қазақ­стандық хабар­ласып, өз түйін­демесін жол­дауына болады.

Төртіншіден, жұмысынан қысқарған адамды қайта дай­ын­дау жүйесі жұмыс істей бас­тады. Осы жүйе бойынша 25,8 мың адамды қайта оқыту шарасы көзделіп отыр. Жергі­лікті бюджеттерден бұл шараны жүзеге асыруға 743,9 миллион теңге бөлінген.

Ақыр аяғында жұмыс орындарын сақтау үшін Үкімет шағын және орта бизнеске үлкен қолдау көрсетіп отыр. Бұл шараға ұлттық қордан 2008 жылы 120 миллиард теңгенің қаржысы бөлініп, ол қаржы “Самұрық-Қазына” қорына аударылды. Мұның сыртында жаңадан қолданысқа енгізілген Салық кодексі арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке 361,3 миллиард теңгенің салық жеңілдігі ұсынылып отыр.

Сонымен қатар Үкімет отандық тауар өндірушілерді қорғау мақсатында мемлекеттік және елімізде жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлар тапсыры­сындағы қазақстандық үлесті арттыру ісін қолға алды. Осы бойынша жуықта ғана Астанада өткен жалпыұлттық форумда ұлттық компаниялар мен орта және шағын бизнес кәсіпорындары арасында 32 миллиард теңгенің жұмыс­тарын орындау жөнінде ниет хатта­масына қол қойылды.

Сондай-ақ жылжымайтын мүлік рыногын қолдау, халыққа жеңілдікті ипотекалық несиелер беру, арендалық тұрғын үй рыногын ұйымдастыру бағытында да көптеген шаралар қабылданып, жүзеге асуда.

Осындай сан-салалы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде елімізде 500 мыңға тарта жұмыс орындары ұйым­дас­­тырылуы тиіс. Соның ішінде “30 кор­поративтік көшбасшы” бағдарлама­сы аясында жаңадан іске қосылатын 5785 инвестициялық жобаны жүзеге асы­ру арқылы үстіміздегі жылдың өзін­де 348,3 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Инновациялық индустриялық жобалар шеңберінде «Самұрық Қазына» қоры халықты жұмыспен қамту мақсатында 4741 жоба әзірлеген, оған 13939 адам тартылады деп күтілуде.Ал «КазАгро» АҚ ныі ауыл шаруашылығы саласында жасалған 21жобасы 10636 жұмыс орындарын ашу қарастырылған.Ауыл шаруашылығы министрлігі 120800 адамды, Көлік және коммуникациялар министрлігі 90130 адамды жұмысқа тартты. Индустрия және сауда министрлігі өзі жасаған 136жобаға 22209 адамға, «»КЕГОК» АҚ 43 жобаға 100жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр.

Бүгінде жұмыс орындарынан қысқарған азаматтар мен жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін жергілікті бюджеттен 5,2 млрд. тенге бөлінген. Бұл қаржы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға, оған 94,2 мың адамды тартып, кәсіби және қайта даярлау үшін 25,6 мың адамның шығынын өтеуге және 9,7 мың адамға әлеуметтік жұмыс орындарын ашып беруге жұмсалатын болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу. Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына мыналар жатады:

  • Жұмысты іздестіруге көмектесу және жұмысқа орналастыру арқылы қызмет көрсету;

  • Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату;

  • Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

  • Жұмыспен қамтуды субвенциялау;

  • өзін-өзі жұмыспен қамтуға метериалдық көмек көрсету;

  • өзін-өзі жұмыспен қамтуға микрокредиттер беру немесе кішігірім кәсіпорындарды құру және т.б.

Бұл бағдарламалар іске асып жатқанымен, өз деңгейінде тиімділігі әлі төмен және нәтижелері де мардымсыз болып келеді. Оның басты себебі – бұл бағдарламалардың дұрыс ұйымдастырылып, менеджмент негізінде іске асырылмауы болып отыр.

Жоғарыда қарастырыған шаралармен қатар жұмыссыздықты азайту үшін:

  • шағын және орта бизнесті дамытып, қосымша нысандарын ашуды,

  • шетелдік жұмысшыларды қысқартуды, оның ішінде төртінші дәрежелі жұмысшы күшін елге кіргізбеуді,

  • жұмысшы күшіне сұранысқа сәйкес мамандар даярлауды жолға қою

  • Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік фирмаларда отандық жұмысшы күшінің үлесін ұлғайту керек деп санаймын.

Габдуллина Л.Б., Токсеитова А.С.

Шәкәрім атындағы СМУ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ - ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ.

Шағын және орта бизнес қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Шетелдерде барлық жаңа жұмыс орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен ашылуда. Мысалы, 1987 ж. АҚШ-тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс орындарының өсу қарқынына қарағанда, 7 миллион шағын фирмалардағы жұмыс орындарының өсу қарқыны 3 есе көп болды.

Еуропалық Одақтың (EC) экономикасының жеке секторындағы 15,7 миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын жөне орта бизнес түрінде болуы кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. адам өздеріне және 46 млн. адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады

Қазақстанда адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997ж. 8-сәуірдегі № 499 қаулысына сәйкес шағын кәсіпорындарға:

• өндірісте, құрылыста және шаруашылықта — 50 адамға дейін;

• саудада және түрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адамға дейін;

• көлік және байланыста -25 адамға дсйін;

• ғылымда және жаңартпашылық қызметте - 20 адамға дейін;

жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады. Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске жатады.

Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл – шағын бизнестің динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды ен,гізу қабілеттілігі.

Шағын бизнесің басты ерекшелігі - кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуы ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелілігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс.

Шағын және ірі бизнесті салыстырудың мақсаты ірі бизнестен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан экономикасы үшін шағын бизнестің үлкен артықшылықтарын көрсету болып табылады. Шағын бизнес тек қана экономиканы жандандырушы фактор болып қана қоймай, сондай-ақ оның экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде де қарастырылады. Шағын фирмаларды көбірек құру – жұмыссыздық проблемасын жеңілдетуі, сауыққан бәсекелі орта құруы, қаржы нарығын жандандыруы, ірі бизнестің дамуына бастама беруі және бүгінгі барларының ауқымын кеңейтуі мүмкін.

Біздің елде көптеген шағын кәсіпорындар халыққа қызмет көрсету емес, мемлекеттік ірі кәсіпорындар үшін құрылған. Сондықтан өндірістік базасы дамыған аймақтарда орналасқан. Өндірістік базасы дамымаған аймақтарда шағын бизнесті қолдаудың да үлкен мәні бар, себебі олардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру немесе қайта өңдеу сияқты қызметтер үшін шағын бизнестің үлкен жүйесін құрудың болашағы бар.

Шетелде шағын кәсіпкерлікті келесі жолдармен ынталандырады :

  • оқыту және кеңес беру ;

  • бизнес құруға және басқаруға көмектесуші бейне материалдар шығару

  • банк несиесі үшін шағын бизнеске кепіл болу ;

  • үкімет органдарына, аумақтық әкімшіліктерінде шағын бизнестің мәселелерін көтеру ;

  • бизнесмен және инвесторларды шағын бизнестің жағдайымен ақпараттандыру және талдау жасап отыру ;

Қазіргі кезде үкімет шағын бизнесті дамытуда шешуші роль атқарады. Үкімет жүргізіп отырған саясат қаншалықты дұрыс жасалса, соншалықты шағын бизнестің дамуы жылдам болады. Біздің елде шағын бизнестің жергілікті тұрғындардың әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуға өзәсерін тигізіп жатқаны рас. Жүргізілген зерттеулер бойынша шағын бизнес саласында жұмыс істеушілердің алатын орташа айлық жалақысы өсе түсуде. Республикада экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын бизнес саласындағылардың орташа жалақысы 2000 жылы 9453 теңге болса, 2004 жылдың аяғында 17583 теңгені құраған, ал 2008 жылы болды. Әр жылдағы инфляцияны есепке алғанда олардыі өсу мөлшері 13-14% құрайды.

Үкіметтің жүргізген мониторинг нәтижесінде ірі және орта кәсіпорындарда 2009 жылдың ақпанында 58,3 мың адам жұмысқа қабылданаған.

Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесінің даму динамикасын талдай келе , қалыптасқан тенденцияларды айтуға болады. Оларға

  • экономиканың нақты секторындағы барлық шағын және орта бизнес субъектілері мен жұмыс істеушілердің санының өсуі;

  • индустрия дамыған облыстар мен қалаларда шағын кәсіпорындардың шоғырлануы ;

  • сауда- саттық және қызмет көрсету салаларының көп болуы ;

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ең басты мақсаттарының бірі - ауыл , кедейшілік және жұмыссыздық мәселелерін шешу. Осы мәселелерді шешудің жолы шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Шағын бизнесті қолдауда үкіметтің жүргізіп отырған саясаты кәсіпкерлер үшін үлкен роль атқарады. Сондықтан шағын және орта бизнестің дамуына жол ашатын мемлекет.

Экономикалық дағдарысқа байланысты Қазақстанда тіркелген шағын бизнес субъектілерінің белгілі бір бөлігі қолайсыз жағдайларға ұшырап, өз жұмыс істеулерін тоқтады. Шағын және орта бизнес тұрғындардың басым бөлігін экономикалық белсенділігін,жұмысбастылығын қолдаумен қатар бюджетке түсетін салықтық түсімдердің негізгі бөлігін құрайды. Дамыған елдерде ЖҰӨ 40-90% мөлшері шағын және орта бизнеске тиеді.

Қазақстандағы шағын және орта бизнесіне 2007 жылғы мәлімет бойынша ЖҰӨ 31% тиеселі . Бірақ дағдарысқа байланысты оның үлесі азайып кеткен .

2008 жыл елде шамамен 667 мың шағын және орта кәсіпкерлік нысандары болған, олардың басым бөлігі Алматы, Атырау, Астана, Маңғыстау облысында; шаруа қожалықтары ОҚО және Алматы облысында шоғырланған.Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 1,5 млн адамды құраған.

Дағдарысқа байланысты іскерлік белсенділік әлсіреп, өзара төлемеушілік жоғарылап,тұрғындардың төлем қабілеттілігі төмендеп , банкке қарыздар қайтарамау 50% дейін жоғарылады .

Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле­мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасалды. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Негізгі салықтар бойынша мөлшерлемесі әлдеқайда төмендетілген жаңа Салық кодексі іске қосылды. Нәтижесінде, 2009 жылдың екінші тоқсанында шағын және орта бизнес секторындағы өндірістің көлемі 14 пайызға өсті .

Сонымен қатар шағын несие ұйымдары және несие серіктестіктері туралы заңға түзетулер енгізіп, шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы заң жобалары қарастырылуда.

Шағын және орта бизнестің негізгі мәселелерін шешу үшін ";50/ 50";, «Даму регионы» , «Даму қолдау» бағдарламалары жасалады .

Бірінші бағдарламалары бойынша мемлекеттің қаржылардан 50 млрд тг, ал серіктес банктердің қосымша 50 млрд тенге бөлінді.

Екінші бағдарлама бойынша нақты аймақтарда әкімшілік және мемлекеттік бюджеттерден 28млрд тенге бөлінеді .

Үшінші бағдарлама 2012 жылы дейін қарастырған,көлік байланыс өңдеуші саласында қолдау мақсатында жылына 10 млрд тг,бөлінетін болды.

Шағын бизнес өзінің қарапайымдылығына қарамастан, әрқашан мемлекеттің назарын, көмегін талап етіп отырады. Шағын бизнестің дамуы қоғамдық тұрақтылықты, экономикалық өсім , әлеуметтік жағдайды жақсарту , жалпы мемлекеттің күші мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қазақстанның экономикасының әлеуетті салаларын анықтау шағын бизнестің дамуының бағыты болып саналады. Еліміздің әр аймағында қалыптасқан өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайына байланысты шағын кәсіпорындар ашу оның даму жолындағы тиімді қадамдардың бірі болып табылады Жүргізілген зерттеулер бойынша төмендегі қызмет түрлері шағын кәсіпорындарды дамытудың басымды бағыттары болып саналады және өндіріп отырған өнімнің өнімділігінің өсуіне, нарықтың кеңеюіне алып келеді.

  1. Тамақ өнеркәсібі:

  2. Жеңіл өнеркәсіп:

  3. Химия өнеркәсібі:

  4. Ағаш өндіру және жиһаз өнеркәсібі:

  5. Құрылыс және құрылыс материалдары өнеркәсібі:

  6. Ауыл шаруашылығы:

Шағын және орта кәсіпорындарды ашуда жергілікті жердің ерекшеліктерін есепке алу керек. Республика аймақтарында шағын бизнесті дамыту негізінен халықтың бірінші кезекті қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Кіші бизнестің бір ерекшелігі ол сол аймақтың маманданған саласынан тәуелсіз белгілі бір қызмет түрлерімен айналыса алады. Екінші бағыт аймақтың маманданған саласына байланысты шағын бизнесті дамыту. Бұл жағдайда кәсіпорын өндіретін өнім көлемі ірі кәсіпорындардың қажеттіліктеріне байланысты.

Әр аймақтың өзінің ерекшеліктері бар. Осы ерекшеліктерге икемделіп ендігі жерде кәсіпкерлер өз ойларын жүзеге асыруға болады. Қазақстан табиғи ресурстарға бай, шикізат қорлары жеткілікті ел. Сондықтан экономиканың нақты секторында жұмыс істеуші кәсіпкерлер санын көбейтуде, өнеркәсібі нашар дамыған аймақтарда шағын бизнестің үлесін жоғарылатуда әрдайым қолдау керек.

ЖОЖ 338.518

Есенбекова З.Ж.

ӨНІМНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

(тамақ өндірісі мысалы негізінде)

Өнім сапасы қазіргі кезде айтарлықтай зерттелген. Бұл мәселе экономикалық ілімдердің классиктерінің еңбектерінде ескеріліп, қазіргі заманғы экономистердің, инженерлердің басты зерттеу обьектілерінің біріне айналып отыр. Ал өнім сапасын басқарудың тәсілдерін жетілдіру өзекті мәселе болып табылады.Өнім сапасын басқару – сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау-конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сайкелуі үшін пайдаланылатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.

Өнім сапасын басқарудың негізгі құрамдас бөліктеріне келесілер жатады, 1-суретте көрсетілген.

Өнім сапасын басқарудың негізгі құрамдас бөліктері

Өнім сапасын басқарудың негізгі құрамдас бөліктері

1.Өнім сапасын бақылау деңгейін көтеру

2. Өнім сапасын жақсарту

3.Өнім сапасын өсіруді ынталандыру

4. Өнімді стандарттау және сертификаттау




Скачать документ

Похожие документы:

  1. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі (7)

    Лекция
    ... контроль 7 5 Талдыкорган, 2011 ҚазақстанРеспубликасының білім және ғылымминистрлігі Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ АКАДЕМИЯСЫ Министерство образования и науки ...
  2. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі (5)

    Диссертация
    ҚазақстанРеспубликасының Білім және ғылымминистрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университеті Ә ... іру көкейкесті мәселеге айналып отыр. ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егеменд ...
  3. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

    Учебно-методический комплекс
    ... , Алматы, «Аруна», 2004г. ҚазақстанРеспубликасының білім және ғылымминистрлігі Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ АКАДЕМИЯСЫ Министерство образования и науки ...
  4. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі (4)

    Учебно-методический комплекс
    ... обыденного. Алматы, 2005г. ҚазақстанРеспубликасының білім және ғылымминистрлігі Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ АКАДЕМИЯСЫ Министерство образования и науки ...
  5. Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі (2)

    Учебно-методический комплекс
    ... -М; Весь мир, 2001г. ҚазақстанРеспубликасының білім және ғылымминистрлігі Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ АКАДЕМИЯСЫ Министерство образования и науки ...

Другие похожие документы..